-Балалар, б?гін біз бір –бірімізге осы уа?ыт?а дейінгі ?зіміз айтып ж?рген ?ажайып, жылы с?здерді сыйлайы?. Жылы с?здерімізді ала?андарымызды т?йістіріп білдірейік.
Ше?бер бойында т?рып балалар бір –біріне жа?сы тілектер айтады.
-?азір мен жа?а ?ана тамашала?ан ертегідегі екі ?ыз?анша? ?онжы?ты? суретін саламын.
-Алдымен, к?рнекі суретке /демонстрациялы? материал/ ?арайы?, содан со? ретімен альбом ?а?азына саламыз. ?атар отыр?ан к?рші балалар ?ыз?анша? екі ?онжы?ты бір –бірден келісе отырып б?ліп алатын болады.
Суретті салмас б?рын алдымен а? ?а?аз бетін д?рыс ба?дарлап ?ойып аламыз. Б?л ?онжы?ты? ?олайлы орналасуы, барлы? б?ліктеріні? ?а?аз бетіне ретімен салынуы ?шін ?ажет.
?онжы?ты? басы, денесі, ?олдары мен ая?тары салынады.
Алдымен ?арындашпен салып аламыз. Ая?тары мен ?олдары біркелкі болып шы?уын ?ада?алаймыз.
?ыл?аламмен бояп суретімізге к?рік береміз, біра? балалар, ?мытпандар, біздегі басты ма?сат екі ?онжы?ты? к??іл- к?йлерін д?рыс жеткізу. Ал олар ?андай ?онжы?тар екенін жа?а ертегіден білген болатынбыз.
Балалар ?здеріне ?найтын ертегілерді? кейіпкерлерін салу?а кіріседі. Бейнелеу материалдарын та?дап, бояу?а кіріседі.
Балалар ж?мыс?а кірісерде сауса? жатты?уын жасайды:
Просмотр содержимого документа
«?йымдастырыл?ан о?у іс – ?рекеті "Мені? ертегідегі с?йікті кейіпкерім "»
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің
технологиялық картасы
Өткізген: Каримжанова Т. К.
Топтың жас ерекшелігі: ересек топ
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: сурет салу
Тақырыбы: «Менің ертегідегі сүйікті кейіпкерім»
Мақсаты: балаларды ертегілер мазмұны бойынша сурет салуға дағдыландыру, түстерді дұрыс таңдауын бекіту; шығармашылық, эстетикалық талғамын дамыту;
таза жұмыс істеуге, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдық: демонстрациялық материалдағы «Қызғаншақ екі қонжық», «Қызыл телпек», «Маша мен аю» суреттері, жай қарындаш, қылқалам, акварель бояуы, ақ қағаз.
-Балалар, бүгін біз бір –бірімізге осы уақытқа дейінгі өзіміз айтып жүрген ғажайып, жылы сөздерді сыйлайық. Жылы сөздерімізді алақандарымызды түйістіріп білдірейік.
Шеңбер бойында тұрып балалар бір –біріне жақсы тілектер айтады.
ІІ. Ұйымдастырушылық – ізденістік
Балалардан ертегілер жайлы сұрау.
– Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?
– Иә.
– Сендер қандай ертегілерді білесіңдер?
Балалар:
– «Мақта қыз бен мысық», «Бауырсақ», «Қызғаншақ екі қонжық» т.б
– Ертегілер несімен ұнайды?
– Өте қызықты.
1-2 бала өзі ұнататын ертегінің кейіпкері туралы айтады.
-Сендер «татулық» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Тату деп кімді айтамыз?
-Татулық- достар арасындағы ең керемет қасиет. Тату балалар бір- бірін тыңдайды, ойыншықтарын бір- бірінен қызғанбайды, бөліседі, ренжіспейді. Сондықтан да достық татулықтан басталады.
Ал қазір мен сендерге венгр халқының «Екі қызғаншақ қонжық» атты ертегісінен үзіндіні тамашалауды ұсынамын.
-Қазір мен жаңа ғана тамашалаған ертегідегі екі қызғаншақ қонжықтың суретін саламын.
-Алдымен, көрнекі суретке /демонстрациялық материал/ қарайық, содан соң ретімен альбом қағазына саламыз. Қатар отырған көрші балалар қызғаншақ екі қонжықты бір –бірден келісе отырып бөліп алатын болады.
Суретті салмас бұрын алдымен ақ қағаз бетін дұрыс бағдарлап қойып аламыз. Бұл қонжықтың қолайлы орналасуы, барлық бөліктерінің қағаз бетіне ретімен салынуы үшін қажет.
Қонжықтың басы , денесі, қолдары мен аяқтары салынады.
Алдымен қарындашпен салып аламыз. Аяқтары мен қолдары біркелкі болып шығуын қадағалаймыз.
Қылқаламмен бояп суретімізге көрік береміз, бірақ балалар, ұмытпандар, біздегі басты мақсат екі қонжықтың көңіл- күйлерін дұрыс жеткізу. Ал олар қандай қонжықтар екенін жаңа ертегіден білген болатынбыз.
Балалар өздеріне ұнайтын ертегілердің кейіпкерлерін салуға кіріседі. Бейнелеу материалдарын таңдап, бояуға кіріседі.
Балалар жұмысқа кірісерде саусақ жаттығуын жасайды:
Бас бармағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Балалар жаттығу жасайды.
Балалардың өзіндік жұмысы.
ІІІ. Рефлексивті – түзетушілік
Сабақты қорытындылау.
-Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?
-Балалар бүгінгі сабақтан өздеріңе қандай үлгі алдыңдар?
-Сабақ ұнады, қызғаншақ болу жақсылыққа апармайтынын түсіндік.
Балалар бір- бірінің жұмыстарын бағалайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өз еркімен белгілі мазмұнды бейнелеу;.
Игереді: белгілі сюжетке байланысты сурет салуды;
Меңгереді: қонжықтың суретін сала білу, олардың көңіл күйлерін жеткізе біледі.