Үржар ауданы әкімдігінің «Ер Төстік» балабақшасы КМҚК
Саз жетекшісі: А.Д.Суртаева
Тақырыбы: Төлдер айтысы.
Мақсаты:Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Сабаққа қызығушылығын арттыру.Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбилеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,әңгімелеу,көрсету.
Көрнекілік: үй жануарлары және төлдер суреті
Саз жетекшісі:
Шаттық шеңбер:Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бар адамға құрметпен
Бас иеміз біз
Бүгінгі сабақ жарыс түрінде өтеміз мен сендерді үш топқа бөлемін.
І-«Ботақан»
ІІ- «Бұзауқан»
ІІІ- «Қошақан»
Асық арқылы ұпай жинап отырамыз, жарай ма балалар?
-жарайды.
-Балалар біз нелерді көріп тұрмыз?
-Жануарлар
- Қандай жануарлар бар екен?
-қозы,ботақан,лақ.
Балалар біз бүгін үй жануарлары туралы әңгімелесеміз. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Олар мыналар;қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы. Сендер көздеріңді жұмыңдар, көз алдымызға ауылдағы төлдердің, үй жануарларына не жатады дедік айтайық. - Мына жайлаудағы суретке қараңдар. Үй жануарлары төлімен жайылып жүр екен. Осы үй жануарларының төлдерін қалай айтамыз. Түйенің төлі - ботақан, Қойдың төлі - қошақан, Ешкінің төлі - лақ, Жылқының төлі - құлын, Сиырдың төлі - бұзау. Балалар енді бүл жануарлар қалай дыбыстайды . Соны атап көрелік. Түйе боздайды. Қой маңырайды. Ешкі маңырай. Жылқы кісінейді. Сиыр мөңірейді. Балалар серігіп болсақ, мен сендерге осы төлдер туралы айтылғанын табыңдар. Шөре, шөре, лағым, Секеңдеме деміңді ал, Тентек болма шырағым, Селкеңдемей құлағың, - деп нені айтамыз. - Лақты. Қара көзің мөлдіреп, Қызықтырмай қоймайды. Жібек жүзің үлбіреп, - деп нені айтамыз. - Ботаны. Әукім-әукім әукешім, ...әукесін, Енең әне келеді, Ақ мамасын береді. Әукешім - деп нені айтамыз. - Бұзауды.
«Кім тапқыр»Жұмбақтар
І-топ
Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. (қозы)
ІІ- топ
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.( лақ)
ІІІ- топ
Көкке шаншып құйрығын
Келеді шауып жүйрігім.( құлын)
Сергіту сәті:
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Барлық істі басқарған.
Мынау- менің оң қолым,
Мынау- менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Қорытынды - Балалар сендер бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. Осымен сабағымызды аяқтаймыз. Әр уақытта да осындай белсенді болуларыңа тілектеспін Балаларды мадақтау, рахмет айту.