Жамбыл облысы Шу ?аласы «Астана» балаба?шасыны? І санатты т?рбиешісі.
Білім беру саласы : «?атынас», «Шы?армашылы?», «Таным»
?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті т?рі : Тіл дамыту, Айналамен танысу, жапсыру
Та?ырыбы : «Тамшыларды? саяхаты»
Ма?саты : Балаларды? су туралы т?сініктерін ?алыптастыру.
Міндеттері: Суды? с?йы?,?атты, бу т?рінде болатынын т?сіндіру. Балаларды? с?здік ?орын молайту,тілін дамыту.Суды? адамдар?а,жан-жануарлар?а,?сімдіктерге ?ажет екенін білу, я?ни тіршілік к?зі екенін сезіну. Суды ?немдеуге ластамау?а т?рбиелеу
Сендерді? су туралы білетіндері? ?те к?п екен. Сендер осылай суды ?немдеп, ластамай ??ыпты ж?мса?дар. Мен сендерге осындай судай м?лдір, таза болы?дар деп мына сыйлы?ымды беремін (Тамшы ?оштасып, шы?ып кетеді).
Ойын: «Массаж»
«Су,су мені? бетімді жу»
«Су, су мені? мойнымды жу»
«Су, су мені? ??ла?ымды жу»
(Балалар ?имылмен к?рсетіп орындайды).
-Балалар мен сендерге су туралы ертегі айтып берейін.
?алжыра?ан ??стар желден к?мек с?райды. Жел к?мектесейін деп К?нге барады. К?н жердегі суларды, я?ни ?зен мен к?лдерді ?атты ?ыздырады. Су т?йіршіктері бу?а айналады. Аспан?а бу к?теріледі де, су т?йіршіктері бірігіп б?лттар?а айналады. Жел б?лтты ?уалап, Су т?йіршіктері жерге жа?быр боп жауды. Жер тыныс алады. Ш?лін ?андыр?ан ??стар да, ?сімдіктер де жадырайды.
Рефлексивті коррекциялаушы:
-Балалар ертегі сендерге ?нады ма? –И?,?те ?нады.
-Міне балалар су тіршілік к?зі. Сусыз ?мір жо? екен.
Адам?а, жан-жануар?а, ?сімдіктерге су керек екен.
-Балалар б?гін біз не туралы айтты? ?
-Су бізге не ?шін керек екен?
-Суды ысырап етуге болама ?
-Кранды жауып, суды ?немдеу керек.
Д?рыс айтасы?дар балалар. Сонымен су дегеніміз не екен?
Просмотр содержимого документа
«Тамшыларды? саяхаты »
Момбекова Қалкен Тоқтасыновна
Жамбыл облысы Шу қаласы «Астана» балабақшасының І санатты тәрбиешісі.
Білім беру саласы : «Қатынас» , «Шығармашылық», «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті түрі : Тіл дамыту, Айналамен танысу, жапсыру
Тақырыбы : «Тамшылардың саяхаты»
Мақсаты : Балалардың су туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері: Судың сұйық,қатты, бу түрінде болатынын түсіндіру. Балалардың сөздік қорын молайту,тілін дамыту.Судың адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге қажет екенін білу, яғни тіршілік көзі екенін сезіну. Суды үнемдеуге ластамауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер,стақан,су,түсті қағаз, қайшы,желім,қағаз,қылқалам, сүрткіш.
Билингвалдық сыңары:тамшы-капелька,су-вода
Мотивациялық қозғаушы кезең:
Шаттық шеңбері:
Табиғат-біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз!
Иіліп сәлем береміз.
Біз әдепті баламыз
Сәлемтсіздерме қонақтар!
Іздену-ұйымдастырушы кезең:
Балалар айтыңдаршы сендер қандай баласыңдар?
Ерте тұрып жуынған,
Тазалықты қуынған.
Судай мөлдір тазамыз.
Суды сүйген баламыз.
Жұмбақ: Жылт-жылт еткен
Жылғадан өткен (су)
Ғажайып сәт:
(Қонаққа Тамшы келеді)
-Балалар бізге кім келді?
Сенің атың кім?
-Мен Тамшымын
Сен бізге не үшін келдің?
Мен сендерде тұратын тамшы әпкелеріме қонаққа келдім.
Балалар тамшыға әпкелері қайда тұратынын және бізге қандай пайда келтіретінін айтып берейік.
Сурет бойынша жұмыс.
-Мынау не балалар?
- Гүлдер.
Гүлдерге су керек пе?
Гүлдерге су керек. Су болмаса гүлдер өспейді
-Дұрыс балалар су керек екен (Кішкентай тамшыны жапсырамыз).
Ал мыналар не екен?
Ыдыстар: кесе, шәйнек, тәрелке .
Дұрыс айтасыңдар
Бұларға су не үшін керек?
Ыдыстарды тазарту үшін, жуу үшін су керек.
-Дұрыс, ыдыстарды жуып тазалық сақтау үшін су керек (Тамшыны жапсырамыз).
3. Мына суретте не көріп тұрсыңдар?
Бала жуынып жатыр.
-Дұрыс, су бізге беті қолымызды жуу үшін керек, таза жүру үшін керек екен.
Мінекей, бұл жерде де су қажет екен.
4. Ал мына суретте не көріп тұрсыңдар?
Бала су ішіп тұр.
-Ия ,дұрыс айтасыңдар су бізге ішу үшін де қажет (Тамшыны жапсырамыз)
-Міне тамшы көрдің бе сенің әкпелерің барлық жерде бар екен. Бізге үлкен пайда келтіреді.
Біз балабақшада, үйде суды краннан аламыз. Біз суды үнемдеп жұмсауымыз керек.
Кранды үнемі жауып жүруіміз керек екенін ұмытпаңдар.
Тәжірибе:
1.Су иіссіз, дәмсіз, түссіз.
2. Су мөлдір.
3. Су сұйық, көлемсіз.
4. Суға қант салсақ, ериді.
-Балалар қараңдаршы мына екі ыдыстағы су бірдей ме?
Жоқ. Біреуі-таза, біреуі-лай су.
Сендер қандай суды ішер едіңдер?
Таза су ішеміз
Дұрыс айтасыңдар, кір, лай суды ішуге болмайды.
Ойын: «Күн мен жаңбыр»
-Балалар, кәне, кім осы суға байланысты мақал- мәтел біледі?
«Су бар жерде- ырыс бар»
«Таза болсаң, судай бол
Бәрін жуып кетірген»
«Су- жерге нәр береді
Жер- адамға нәр береді».
«Судың да сұрауы бар».
-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар, балықтар қандай суда өмір сүреді?
-Балықтар таза суда өмір сүреді.
-Дұрыс айтасыңдар
-Балалар менде таза суымен кішкентай өзен бар.
Қараңдаршы өзенге не жетіспей тұр?
Балықтар жетіспейді.
-Дұрыс айтасыңдар, олай болса біз кәзір өзенге әдемі балықтар жапсырайық.
Тәрбиешінің балықтарды суға жапсыруды көрсетуі.
Саусаққа арналған жаттығу: «Шапалақта»
-Бас бармақ кездесіп шапалақтасады
-Сұқ саусақ кездесіп шапалақтасады
-Ортаңғы саусақ кездесіп шапалақтасады
-Аты жоқ саусақ кездесіп шапалақтасады
Шынашақ кездесіп шапалақтасады.
(Сөздерге байланысты іс-қимыл жасайды)
Қауіпсіздік ережесін еске түсіре отырып, балалар балықтарды тәрбиеші нұсқаумен жапсырады.
-Тамшы көрдің бе біздің балалар әдемі балықтарын таза өзенге жапсырды.
Бәрекелді балалар, сендер өте ұқыпты жұмыс жасадыңдар
Сендердің су туралы білетіндерің өте көп екен. Сендер осылай суды үнемдеп, ластамай ұқыпты жұмсаңдар. Мен сендерге осындай судай мөлдір, таза болыңдар деп мына сыйлығымды беремін (Тамшы қоштасып, шығып кетеді).
Ойын: «Массаж»
«Су,су менің бетімді жу»
«Су, су менің мойнымды жу»
«Су, су менің құлағымды жу»
(Балалар қимылмен көрсетіп орындайды).
-Балалар мен сендерге су туралы ертегі айтып берейін.
«Су туралы » ертегі
Ерте, ерте, ертеде су болмай, құстар шөлдеп, ағаштар қурап, гүлдер солып қалады.
Қалжыраған құстар желден көмек сұрайды. Жел көмектесейін деп Күнге барады. Күн жердегі суларды, яғни өзен мен көлдерді қатты қыздырады. Су түйіршіктері буға айналады. Аспанға бу көтеріледі де, су түйіршіктері бірігіп бұлттарға айналады. Жел бұлтты қуалап, Су түйіршіктері жерге жаңбыр боп жауды. Жер тыныс алады. Шөлін қандырған құстар да, өсімдіктер де жадырайды.
Рефлексивті коррекциялаушы:
-Балалар ертегі сендерге ұнады ма? –Иә,өте ұнады.
-Міне балалар су тіршілік көзі. Сусыз өмір жоқ екен.
Адамға, жан-жануарға, өсімдіктерге су керек екен.
-Балалар бүгін біз не туралы айттық ?
-Су бізге не үшін керек екен?
-Суды ысырап етуге болама ?
-Кранды жауып, суды үнемдеу керек.
Дұрыс айтасыңдар балалар. Сонымен су дегеніміз не екен?
Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетің маңдайың
Табиғаттың досы
Су дегенім осы.
-Жарайсыңдар балалар.
Бүгін барлықтарыңа ризамын рахмет сендерге.
Қонақтармен қоштасу.
Сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Судың адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге қажет екенін.
Түсінеді: Судың сұйық,қатты бу түрінде болатын түсінді.