?же:С?леметсі?дер ме,балалар.Мен сендерге жайлаудан келдім.Сендермен бірге мені? немерем осы мектепте о?иды.Жайлауда т?рт т?лік малды? б?рі жайылып ж?р.Оларды біз ата? екеуміз жайып, жем беріп, су беріп ?ам?ор болудамыз.Аталары? мені сендерге ?й жануарлары туралы не білетіндері?ді к?ріп, естіп келуге жіберді.
-Б?гін саба?та ?й жануарлары туралы ??гімелейміз.
С?здікпен ж?мыс.?й жануарлары-домашние животные.Т?рт т?лік мал деп те атаймыз.
?й жануарлары адамны? жанында ?мір с?реді.?й жануарларын адам жазда жайлауда,?ыста ?ыстауда ба?ады.Жемін,ш?бін береді,?й жануарларына ?ам?ор болады.?й жануарлары:т?йе,жыл?ы,сиыр,?ой,ешкі.Домашние живоные-domestic animals.
Дид.ойын:?й жануарлары».Ойын шарты:?й жануарлары туралы та?па? айту,сол с?зді буын?а б?ліп,дыбысты? талдау жасау,дауыссыз дыбыстарды атау.Текшеден с?з ??рау.
Просмотр содержимого документа
«ТА?ЫРЫБЫ:ДАУЫССЫЗ ДЫБЫС»
Қордай ауданы Жамбыл ауылы
Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі.
Жамбыл Жабаев атындағы №26 орта мектеп.
Ержанова Гүлнәр Бисенбаевна
Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар.(Үй жануарлары.).
Мақсаты:Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін толықтырып,
олардың төлдерін дұрыс атауға,оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету.Үй жануарлары туралы тақпақтар мен мақал-мәтелдер айтқызу арқылы тіл байлығын,ақыл-ойын дамыту.Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге,үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Міндеттері:Дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтай отырып,ана тіліміздегі дауыссыз төл дыбыстарды ажырата білуге,дауыссыз дыбыстардың өздігінен дыбысталмайтынын түсіндіру арқылы сөздердегі дауыссыз дыбыс әріптерін таба білуге дағдыландыру,шапшаң,таза,көркем жазуға төселдіру.
Сөздік қоры:бәсіре.
Билингвалды компоненттер:Домашние животные.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,дидактикалық ойындар,суреттер.
-Бізге қонаққа жайлаудан әже келіпті.Әжені қарсы алайық.
Сәлеметсіз бе дейік әжеге.
Әже:Сәлеметсіңдер ме,балалар.Мен сендерге жайлаудан келдім.Сендермен бірге менің немерем осы мектепте оқиды.Жайлауда төрт түлік малдың бәрі жайылып жүр.Оларды біз атаң екеуміз жайып, жем беріп, су беріп қамқор болудамыз.Аталарың мені сендерге үй жануарлары туралы не білетіндеріңді көріп, естіп келуге жіберді.
-Бүгін сабақта үй жануарлары туралы әңгімелейміз.
Сөздікпен жұмыс.Үй жануарлары-домашние животные.Төрт түлік мал деп те атаймыз.
Үй жануарлары адамның жанында өмір сүреді.Үй жануарларын адам жазда жайлауда,қыста қыстауда бағады.Жемін,шөбін береді,үй жануарларына қамқор болады.Үй жануарлары:түйе,жылқы,сиыр,қой,ешкі.Домашние живоные-domestic animals.
Дид.ойын:Үй жануарлары».Ойын шарты:Үй жануарлары туралы тақпақ айту,сол сөзді буынға бөліп,дыбыстық талдау жасау,дауыссыз дыбыстарды атау.Текшеден сөз құрау.
Қой-ешкі бір түлікпіз
Бірге өстік еш күдіксіз
Еті тәтті,сүтібал
Қой ешкі ең құнды ма
ҚОЙ-қ,й-дауыссыз дыбыстар
Қ-дауыссыз дыбыс
О-дауысты дыбыс
Й-дауыссыз дыбыс
Арғымақ тұлпар жылқымын
Мақтанышы жұртымның
Қай түлік келер маған тең
Жыл-қы ж,л,қ-дауыссыз дыбыстар
Ж-дауыссыз дыбыс
Ы-дауысты дыбыс
Л-дауыссыз дыбыс
Қ-дауыссыз дыбыс
Ы-даысты дыбыс
Мінезім жәйлі сиырмын
Байлығымын бір үйдің
Етім дәмді, сүтім бал
Сырымды менің ұғып ал.
Си-ыр с,р-дауыссыз дыбыстар
С-дауыссыз дыбыс
И-дауысты дыбыс
Ы-дауысты дыбыс
Р-дауыссыз дыбыс
Ең зор түлік түйемін
Тікенді шөпті сүйемін
Пайдалансаң сүтім шұбат
Дертке дауа,жанға қуат.
Тү-йе т,й-дауыссыз дыбыстар
Т-дауыссыз дыбыс
Ү-дауысты дыбыс
Й-дауыссыз дыбыс
Е-дауысты дыбы
Сергіту сәті:
Шөре-шөре лағым
Ұзын екен құлағың,
Секең-секең етесің
Тауға шығып кетесің
Төрт түлік малды бәледен ,аурудан жаманшылықтан қорғап жүретін пірлері бар деген ұғым қазақ халқында бар,себебі қазақ халқының өмірі төрт-түлік малмен байланысты.Төрт түлік малдың пірлері.
Түйенің пірі-Ойсыл қара
Жылқының пірі-Қамбар ата
Сиырдың пірі-Зеңгі баба
Қойдың пірі-Шопан ата
Ешкінің пірі-Шекшек ата
-Балалар қазір кай жыл мезгілі?
-Көктем .
-Көктем айларын атайық.
-Наурыз,сәуір,мамыр.
-Көктемде малдар не істейді?
-Төлдейді.
-Қане, «Төлдер»ойын ойнайық.
«Төлдер» диактикалық ойыны. Ойын шарты:Төлдерді атап,олар туралы тақпақ айтып,сөздерді буынға бөліп,дыбыстық талдау жасау.
Сабақты қорытындылау:Үй жануарларының адамға тигізетін пайдасын айтып беріңдерші. Мінсе- көлік,ішсе-сусын,жесе-ас болған үй жануарлары-төрт түлік малдың адамға пайдасы көп.Дауыссыз дыбыстарды қайталау.
Әже:-Балалар қазақ халқы ежелден төрт түлік малмен байланысты сондықтан адамдар амандасқанда: мал-жаның аман ба?-деп амандасқан.Балалар сендерді әжелерің қалай еркелетеді?
мамамыз бізге не дейді
-Қошақаным,ботам,құлыным,қозым.Бүгін сендер маған үй жануарлары туралы тақпақ, өлең,мақал-мәтелдер айтып бердіңдер сендерге рахмет,мен сендерге БӘСІРЕ-берем.Бәсіре деген кішкентай балаларға ата-әжелері малдың төлінен беретін сыйлық,себебі қазақ халқы төрт түлік малды құрметтеп,дәріптеген.Бәсіре тарату.