| І - кезең мотивациялық-қозғаушы | Балалар алдымен үш тілде амандасады. Психожаттығу: «Күлімдейік». -Балалар адам жанының, жүрегінің кілті біздің езуімізде.Егер біз үнемі достарымызға, ата-анамызға, апайларға күлімдеп, жадырап көңілді жүрсек біз мейірімді,ақылды болып өсеміз. Жан- жағымызға күлкі сыйлайық. Олай болса кел,балалар күлейік! -Балалар бүгінгі сабағымыз өте ерекше. Сендер ерекше сабақ өтуга дайынсыңдар ма? | ( Қайырлы таң! Доброе утро! Gut morning! ) Кел балалар күлейік, Күлкіменен түлейік Қабақ шытқан не керек Күліп өмір сүрейік! |
| ІІ - кезең проблемалық ізденушілік | Балалар бүгін «Тәтті тоқаштар» мерекесі екен Проблемалық сұрақ Ал тоқаштар неден жасалады деп ойлайсыңдар? Оны білу үшін балалар бүгін біз саяхатқа шығамыз,зерттеу жұмыстарын жасаймыз. Ал бидайдың дәнін қай мезгілде отырғызамыз?
Қай мезгілде бидайды жинаймыз? Оны жинап алағаннан кейін қайда апарады? Дұрыс, айтасыңдар балалар! Жарайсыңдар!
Нанның, тәтті тоқаштардың дастарханға қалай пайда болуы туралы әңгімелейді.
Сөздік жұмысы : тоқаш- пирожное, наубайхана – мельница, ұн – мука Сергіту сәті: Жұмбақтар шешу: 1. Ұзын мұртты сарылар. Қойынында наны бар. 2. Бір ай бойы шабар, Он бір ай тынып табар 3.Үсті тас, асты тас Ортасында піскен ас МАҚАЛДАР 1. Арпа, бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен. 2. Ас атасы – нан Нан қасиетті дәм. 3. Бидай тоңға тимей, аузың нанға тимейді. 4.Ексең егін, ішерсің тегін. 5.Егіндікте ел тастама Ұжымдық жұмыс: «Тәтті тоқаш» жасаймыз Балалар қауіпсіздік ережеін еске алып, түрлі түсті қағаздардан тоқаштарды жасайды. | Балалар таң қалады Ең алдымен жерді жыртамыз, дән себеміз сосын ол өсіп бидай болады. Күз мезгілінде бидайды комбайнмен жинаап алады. Комбайнмен наубайханаға апараып оны диірменге тартып ұн алады, ол ұннан нан, тәтті тоқаштар пісіріп дүкенге әкеледі, біз оны сатып аламыз, немесе аналарымыз пісіреді. -Астық жинау. Дәнді егістіктен жинау. Элеватор және қоймалар. Ол әдемі болып жайқалып өсіу үшін үнемі суарып тұру қажет. Бидай қатты, сопақша пішінді,түсі сарғыш ортасында сызығы бар Ұн жұмсақ, түсі ақ, иісі жоқ. Жайқалады ақ бидай, Басын иіп аққудай Трактор мен комбайн жүргізуге дайын. Бидай Комбайн Нан Тоқаш пісіру үшін: су, ұн, тұз, жұмыртқа, қант, ашытқы. |