-Бүгінгі оқу іс-әрекетінде «Шалқан» ертегісін саусақ театры арқылы сахналаймыз.
Ертегіні саусақ театры арқылы көрсете отырып, мазмұнын ашу.
Тәрбиеші: Ерте ерте ертеде. Бір елде шал мен кемпір баянды өмір сүріпті олар үй шаруашылығына үлкен ұқыптылық білдіре отырып, Ата есіктің алдына шалқан егіпті.
Күндердің бір күндері. Күннің сәулесінің ыстығымен шалқан үлкен болып өсіпті. Осы кезде ата шалқанына тамсанып қарайды.
Ата: Ой бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіпті. Бұл шалқан бәрінеде жететін болды.
Тәрбиеші: Осылай ата еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады тартып-тартып шалқанды жұла алмай қояды. Сөйтіп, көмекке өзінің кемпірін шақырады.
Ата: Ох мен қатты шаршадым белімде ауырып кетті. Кемпірімді көмекке шақырайын. Кемпір-кемпір маған көмекке келші, қарашы, шалқанымыз үлкен болып өсіпті осыны жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Сенімен бірге тартайын.
Кемпір: Ой шынында да үлкен болып өсіпті ғой кел тартсақ тартайық.
Тәрбиеші: Осылайша атаның артынан ұстап ары тартады бері тартады бірақ орнынан қозғалта алмайды.
Тәрбиеші: Кемпір көмекке немере қызын шақырады.
Кемпір: Қызым-қызым бізге көмекке келші! Атаң еккентшалқанды жұла алмай жатырмыз.
Қыз: Жарайды, апа сіздерге көмектесейін.
Тәрбиеші: Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды олар рет-ретімен тартады. Олардың күштері жетпейді. Сонымен немере қызы көмекке итін шақырады.
Қыз: Ақтөс-Ақтөс сен бізге көмектесіп жіберші шалқанды біз жұла алмай жатырмыз.
Ит: Аф-аф-аф көмектес десеңдер көмектесейін.
Тәрбиеші: Ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады, шалқанды суыра алмайды.
Енді ит көмекке мысықты шақырады.
Ит: Мысық-мысық бізге көмекке келші біз атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Мысық: Мяу-мяу-мяу көмектесіп жіберейін.
Тәрбиеші: Мысық иттің құйрығынан ит қыздың етегінен қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап әрі жұлқиды, бері жұлқиды, шалқан шықпайды.
Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.
Мысық: Тышқан-тышқан бізге көмектесіп жіберші.
Тышқан: Әрине көмектесіп жіберемін.
Тәрбиеші:Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды.
Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады.
Тәрбиеші: Міне, балалар осындай қызықты ертегіні тамашаладық.
-Бүгінгі оқу іс-әрекетінде «Шалқан» ертегісін саусақ театры арқылы сахналаймыз.
Ертегіні саусақ театры арқылы көрсете отырып, мазмұнын ашу.
Тәрбиеші: Ерте ерте ертеде. Бір елде шал мен кемпір баянды өмір сүріпті олар үй шаруашылығына үлкен ұқыптылық білдіре отырып, Ата есіктің алдына шалқан егіпті.
Күндердің бір күндері. Күннің сәулесінің ыстығымен шалқан үлкен болып өсіпті. Осы кезде ата шалқанына тамсанып қарайды.
Ата: Ой бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіпті. Бұл шалқан бәрінеде жететін болды.
Тәрбиеші: Осылай ата еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады тартып-тартып шалқанды жұла алмай қояды. Сөйтіп, көмекке өзінің кемпірін шақырады.
Ата: Ох мен қатты шаршадым белімде ауырып кетті. Кемпірімді көмекке шақырайын. Кемпір-кемпір маған көмекке келші, қарашы, шалқанымыз үлкен болып өсіпті осыны жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Сенімен бірге тартайын.
Кемпір: Ой шынында да үлкен болып өсіпті ғой кел тартсақ тартайық.
Тәрбиеші: Осылайша атаның артынан ұстап ары тартады бері тартады бірақ орнынан қозғалта алмайды.
Тәрбиеші: Кемпір көмекке немере қызын шақырады.
Кемпір: Қызым-қызым бізге көмекке келші! Атаң еккентшалқанды жұла алмай жатырмыз.
Қыз: Жарайды, апа сіздерге көмектесейін.
Тәрбиеші: Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды олар рет-ретімен тартады. Олардың күштері жетпейді. Сонымен немере қызы көмекке итін шақырады.
Қыз: Ақтөс-Ақтөс сен бізге көмектесіп жіберші шалқанды біз жұла алмай жатырмыз.
Ит: Аф-аф-аф көмектес десеңдер көмектесейін.
Тәрбиеші: Ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады, шалқанды суыра алмайды.
Енді ит көмекке мысықты шақырады.
Ит: Мысық-мысық бізге көмекке келші біз атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Мысық: Мяу-мяу-мяу көмектесіп жіберейін.
Тәрбиеші: Мысық иттің құйрығынан ит қыздың етегінен қыз кемпірден , кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап әрі жұлқиды, бері жұлқиды, шалқан шықпайды.
Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.
Мысық: Тышқан-тышқан бізге көмектесіп жіберші.
Тышқан: Әрине көмектесіп жіберемін.
Тәрбиеші:Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды.
Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады.
Тәрбиеші: Міне, балалар осындай қызықты ертегіні тамашаладық..