|   Мотивациялық – қозғаушылық     |        -Қазір жылдың қай мезгілі ?  -Күз мезгілі екенін қайдан білеміз ?  -Қандай көкөніс түрлерін білесіңдер ?  -Күз мезгілі несімен ұнайды?  -Күз мезгілінде барлық жан – жануарлар қысқы дайындалады .Тиіндер жаңғақтарын жинаса , кірпілер індеріне саңырауқұлақтар тасып алады .  -Ал адамдар күзде қалай еңбек етеді ?   |    -Қазір жылдың күз мезгілі .  -Күз мезгілі екенін табиғаттың өзгеруінен білеміз .Ағаштардың жапырақтары сарғайып түседі, күн суытады . Жемістер, көкөністер күз мезгілінде көп болып піседі .  -Сәбіз , қияр , қауын , қарбыз , асқабақ , қызылша .  -Күз мезгілі жомарттығымен , мырзалығымен ұнайды .  -Еккен егіндерін жинап алады , көкөністерді тұздап , жемістерден тосап қайнатады . Түскен жапырақтарды жинап , бау – бақшаны тазартады .   |  
  |   Ұйымдастырушылық ізденістік   |    - Балалар , бағана мен сендерге айтып өттім . Күз мезгілінде адамдар , жан-жануарлар қысқа дайындалады .  Мына суретке назар аударыңдаршы .    Демонстрациялық құралмен жұмыс    Педагог күз мезгілнің суретіне қарап әңгіме құрайды:    -Күз мезгілі , бақтың іші сап – сары алтындай жарқырап тұр.Ағаштардан түскен жапырақтар жерде саудырап жатыр .    - Жапырақтардың түстері қандай ?    - Бақта кімдер жүр ?  - Бақтағы балалрға ат қояықшы?  -Бақта балалар не істеп жүр ?  -Балалар жапырақ теріп жүріп нені көрді ?    -Кірпінің үстінде не бар ?  -Балалар , кірпі де қысқа дайындық жасап , қысқы азығын жинап жүр .  Педагог « азық » сөзінің мағынасын түсіндіреді .    Азық – тамақ , қорек .  Айдар мен Жәмила « әне , кірпі , кірпі кетіп бара жатыр »,- деп айғайлайды . Кірпі жүруін жылдамдата түсті .  Айдар мен Жәмиланың көзі кірпінің үстіндегі алмаға            түсті .    - Алманың түсі қандай? - « әне, үстіндегі алманы қара » , -    деді Жәмила Айдарға .  -Кірпінің үстіне алма қайдан түсті ?  -Иә , бақтағы алма ағашынан түскен еді .  Билингвальды компонент : кірпі – еж, алма – яблоко , қауын – дыня , асқабақ – тыква , қарбыз – арбуз , сәбіз – морковь .    -Балалар , менің суретке қарап құрған әңгімеме ұнады ма?  -Енді сендер « Күз » тақырыбына шығармашылық әңгіме құрап беріңдер .  -Иә ,сенің әңгімеңнен сенің еңбекқор екеніңді байқадық .Әңгімеңе көп рахмет .  Сергіту сәті :    Шөп үстімен жүреміз : сырт – сырт .  Тас үстімен жүреміз :тырс – тырс .  Шалшық сумен жүреміз : шолп -шолп ,  Жолдарменен жүреміз . топ – топ .  -Сөйлеу үшін бізге не керек №  -Әңгіме айту үшін сөз керек екен .  Сөз – дыбыстан құралады .Әңгімелесу арқылы бір – бірімізге қарым – қатынас жасаймыз .    « Сөйлемей көрейікші » ойыны :    « Үндемес ойыны » . Педагог : « Орындарыңнан тұрыңдар деп ымдайды » , - деп ымдайды .    -Міне , көрдіңдер ме , сөзсіз өмір өте қиын.Сондықтан да сөйлеу тілі өте маңызды .  Кейбір сөз ұзақ дыбысталады , кейбіреуі қысқа дыбысталады .    -Балалар ,қысқа сөзде дыбыс аз болады , ал көп дыбыс ұзақ сөзді құрайды .  -Кәне « кірпі » , « жапырақ » сөздерін байқап көрейік .      « Жемістер мен көкөністер жинау » дидактикалық ойынын өткізу .  Ойын шарты : балалар жемістер мен көкөністерді ажыратып , екі себетке жинайды .  Дәптермен жұмыс .  Дәптердегі № 1 тапсырма бойынша орындалады . Жеке жұмыс жүргізеді .         |    Балалар бар ынтасымен тыңдайды.  -Жапырақтардың түстері сап – сары    -Бақта балалар жүр .  -Айдар мен Жәмила деп ат қояды .  -Бақта балалар жапырақ теріп жүр . -Кірпіні көрді .  -Кірпінің үстіне алма бар .  Балалар тәрбиешінің артынан қайталайды .    -Алманың түсі қып – қызыл , пішіні    домалақ .    -Бақтағы алма ағашынан түсті .  Балалар қайталайды .  -ия , ұнады .    Балалар өз ойларынан әңгіме құрастырып айтады .    -Біз жексенбі күні бау – бақшадағы    жемістер мен көкөністерді жинадық . Анам жемістерден тосап    жасады . Әкем қураған жапырақтардан тырмамен            тырмалады .                  Мен анам мен әкеме көмектестім .Өлең мазмұнына сәйкес қимыл – қозғалыстар жасайды .    -Сөйлеу үшін бізге тіл керек , ауыз керек .  Тып – тыныш отырады . Біразы тұрады .кейбіреуі тұрмайды .          Қолдарымен созып көрсетеді .                          -Кірпі – қысқа дыбысты сөз .                        Берілген тапсырманы орындауға    әрекет жасайды .              Дәптердегі тапсырманы , жапсырмалар арқылы өз жүйектеріне жапсырады .   |