Конспект занятия по экологии на тему: "Мойдодыр у нас в гостях"
Конспект занятия по экологии на тему: "Мойдодыр у нас в гостях"
Білім беру саласы: «Таным»
?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті: «Экология»
Та?ырыбы: «?ол жу?ыш бізде ?она?та»
Ма?саты:
-Танымдылы?ы: балалар?а сабынны? ?асиеті туралы т?сініктерін ?алыптастыру?а ?йрету.Айнала ?орша?ан ?лемні? ?зіне т?н ерекшеліктері мен ??былыстары туралы т?сініктерін ке?ейту. (?аттылы?ы,ж?мса?ты?ы,иісі, т?сі т.б.) Т?жірибе ж?ргізген кезде ?ауіпсіздік ережесін са?тай білуге ?йрету.
Просмотр содержимого документа
«Конспект занятия по экологии на тему: "Мойдодыр у нас в гостях"»
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Экология»
Тақырыбы: «Қол жуғыш бізде қонақта»
Мақсаты:
-Танымдылығы: балаларға сабынның қасиеті туралы түсініктерін қалыптастыруға үйрету.Айнала қоршаған әлемнің өзіне тән ерекшеліктері мен құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту. (қаттылығы,жұмсақтығы,иісі, түсі т.б.) Тәжірибе жүргізген кезде қауіпсіздік ережесін сақтай білуге үйрету.
Көрнекілігі: әртүрлі сабындар,екі табақ,балалар саны бойынша губкалар,қуыршақ,сүлгі,сабын көбікшесі,түтікше.
Сабақ барысы:
Шаттық шеңбер:Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз тап-таза баламыз,
Істен қызық табамыз.
Тәрбиеші: -Балалар тыңдаңдаршы біреудің жылаған дауысы естіледі.Қазір мен қарап келейін.Балалар бізге Салақбек қонаққа келген екен.Сен неге жылайсың? Сенің үстің қандай лас?
Салақбек: -Балалардың бәрі меннен қашады,менімен ойнағылары келмейді.
Тәр.: -Балалар Салақбекке қалай көмектесеміз? Оның үсті-басы кір қожалақ.
Ғажайып сәт.
Осы мезгілде қол жуғыш келеді.
Тәр.: -Сәлематсызба Қолжуғыш?
Қолжуғыш: -Сәлематсыздар ма балалар?Мен кір қожалақ,лас деген сөздерді естігесін келіп тұрмын.
Тәр.: - Иа мына Салақбектің үсті басы кір қожалақ болған соң онымен ешкім ойнағысы келмейді екен.
Қолжуғыш: - Бұл бала, қай бала?
Пай-пай, бет-ауыз,кір айғыз,бес батпан,
Мойыны күс қатқан,
Аяқ-қол жарылған,
Батпаққа малынған,
Киімі кір сатпақ.
Осы ғой нақ салақ.
-Онда балалар оған мына сиқырлы қалта көмектеседі.
Тәрбиеші: -Балалар мына сиқырлы қалтаны ішінде не бар екен,қане қолымызды салып қарайықшы?
Балалар қолдарын қалтаға салып,бір-бірден сабынды алады.Оның түсін, пішінін,иісін айтады.
Тәр.: - Ал енді,балалар қане осы сабынды табақтағы суға салып қолымызды сабындайықшы, сонда не болады?Сонда сабын қолымызда сырғанады.
Тәр.: -Енді сабынды мына сабын салғышқа салайық, сосын қолымызды үйкелейік сонда не болды? Сонда сабын көпірді.
-Ал енді мына ыдыста губкалар бар.Оларды алып табақтағы суға салып,қолымызбен қысайықшы,сонда не болды? Сонда губка көпірді.
-Балалар қолдарымызды сүлгіге сүртіп,орнымызға отырайық.Қазір балалар мен мына түтікшені алып суға үрлеймін, сонда не болды?
Балалар: -Сабын көбігі.
Тәр.: -Балалар бүгін біз Салақбекті сабынмен таныстырдық.Ол қатты,сырғанақ, көпіреді, үрлегенде көбіктер пайда болады және хош иісі екен.
-Табақтағы суымызға Салақбекті жуындырып, таза сумен шайындырамын.
-Балалар сендерде жуынудың жолын қайталаңдар:
Салақбек қолын сабынмен жуды,
Әр саусағын дара жуды.
Бас бармағын көпіртті,
Сумен шайып кетірді.
Сұқ саусағын ұмытпады,
Лас пен кетіріп тағы.
Ортаңғы саусақ өте дағы,
Кір болыпты – ол тазарып.
Келесі саусақ бірге жуылып,
Тез жуылған бәрінен.
Ең кішкентай саусағы.
Қолжуғыш: Бұл бала,қай бала,
Пай!Пай! тап-таза.
Ақ қаздай,киімі мұнтаздай,
Жарайсың балақай.
Дейміз біз мадақтай,
Пай!Пай!
Тәр.: - Балалар біздің қонағымыз тап-таза әрі әдемі болды. Салақбек сен күнде осылай таза болып жүрсең, денің де сау, достарыңда көп болады.
-Қане,бәріміз ортаға шығып тазалық өлеңін айтайық:
Дос бол сабын ,сумен сен,
Жиі-жиі жуын сен.
Таңертең де,кеште де,
Жуын күндіз,түсте де.
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында,
Жуын ұйықтар кезінде.
Жуын тұрған мезгілде,
Су мен сабын- бір жолдас,
Жоймас олар кір болмас!
Тәр.: -Балалар қолжуғыш бізге сыйлықтар әкелген екен, ло сабын көпіршіктері. Қане ойын ойнайық.Ал қонақтарға сау болыңыз айтайық.