Просмотр содержимого документа
«Конспект уроки Саптыая?»
"Тәрелкесімен саптаяқ".
Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.
Бөлімі: Мүсіндеу.
Мақсаты: Ыдыс түрлері, оның қызметі туралы түсінік беру; мүсіндеуге деген қызығушылықтарын арттырып, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, ермексаз кесектерін үзу, жаншу созу, тәсілдерін қолдана отырып мүсіндеуге үйретуді жалғастыру.Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал - жабдықтар: ермексаз, тақтайша, сулық,ыдыс түрлерінің суреті, үлестірмелі материалдар, Кірқожалақ.
Алдын ала орындалатын жұмыс: ыдыс түрлері туралы әңгіме жүргізу, сурет қарау.
Тәрбиеші: Балалар шеңберге тұрайық.
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Жарқыраған Күнге!
Ғажайып сәт:
Топқа Кірқожалақ жүгіріп кіреді.
- Ойбай, менің ыдыстарым жоқ!
Тәрбиеші: Қарағым, не сәлемдесу жоқ, не рұқсат сұрап кіру жоқ, айқайлап, баса - көктеп кіргенің не?! Не болды?
Кірқожалақ: Таңертең тұрсам, жоқ!
Тәрбиеші: Не жоқ?
Кірқожалақ: Ыдысым жоқ!
Тәрбиеші: Қалайша?
Кірқожалақ: Таңертең әдеттегідей тұрдым, бірден асүйге бардым. Шай ішейін десем, кесе жоқ. Тамақ ішейін десем, тәрелкем жоқ.
Тәрбиеші: Бәрі қайда кетіпті?!
Кірқожалақ: Білмеймін!
Тәрбиеші: Балалар, Кірқожалақтың ыдысы неге жоқ болып кетуі мүмкін?
Балалар: Ол ыдыстарын жумайды, ренжіп кетіп қалған ғой.
Кірқожалақ: Балалар, маған жаңадан ыдыс жасап беріңдерші.
Тәрбиеші: Жасаймыз ба, балалар? Кірқожалақ сен ыдысты таза ұстаймын деп бізге сөзіңді бер!?
Кірқожалақ: Әрине сөзімді беремін!
Сергіту сәті:
Апам ыдыс жуады,
Мінезі оның биязы.
Ол барында тұрады,
Жайнап үйдің жиһазы.
Ыдыс түрлерінің суреті көрсетіліп, балалардан олардың аттарын атауды сұрайды. Ол ыдыстардың не үшін қолданылатынын сұрайды.
Тәрбиеші: Біз бүгін тәрелкесімен саптаяқты жасаймыз. Шай ішетін бұл ыдысты ұстайтын сабы болғандықтан, саптаяқ деп атайды.
- Ермексаз кесегін алақанға салып домалақтаймыз. Оның ішіне саусағымызды батырып шұңқырлаймыз. Ыдыстың ернеуін шығару үшін, басбармақ және сұқ саусақпен тегістеп шығамыз. Сабын жасап, ыдыстың бүйіріне бекітеміз. Тәрелкені жасау үшін, домалақ ермексазды екі алақанның арасына салып жаншып, жалпақтаймыз. Ортасын сәл шұңқырлап, ернеуін шығарамыз. Саптаяқты тәрелкенің үстіне қойып, қолдарыңдағы үлестірмелі суреттегі ыдыстардың қасына орналастырыңдар.
- Міне, Кірқожалақтың ыдыстары түгенделді. Енді жақсылап шай ішуіне болады. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Кірқожалақ: Ой, алақай менің ыдыстарым көп болды.Рақмет сендерге балалар! Менің үйіме қайтатын уақытым болды. Сау болыңдар!