?діс- т?сіл: с?ра?- жауап, ?нгімелесу,к?рсету,т?сіндіру жеке ж?мыс, ж?мба? жасыру.
Т?рбиеші балаларды ше?берге жинап, ойнау?а ша?ырады.
?азір біз « ?й жануарлары» деген ойын ойнайы?.
Ойын ма?саты: ?й жануарыны? дене м?шелерін атау?а, ажырату?а ?йрету.
Ойын шарты: Осылай д?нгелене отырып, мына ?ажайып ?алтадан ?й жануарларына байланысты ойыншы? аласы?дар, сол ойыншы?тарды? дене м?шелерін атап немесе олар туралы мейрімді с?здер айту?а болады.
Мысалы: Боташым,?оша?аным, ??лынша?ым.
Содан кейін балаларды орындарына жай?астырып отыр?ызады, Балаларды? назарын та?тада ілулі т?р?ан жайлауды? суретіне аударады.
Көрнекіліктер: үй жануарларының және жайлаудың суреттері, сиыр және төлі бұзаудың жеке суреттері, ойыншықтар,сыирдың сызба таблицасы, және балалардың жеке сызбалары, текшелер, жұлдызшылар, көзілдірік айналар, сылдармақ.
Әдіс- тәсіл: сұрақ- жауап, әнгімелесу,көрсету,түсіндіру жеке жұмыс, жұмбақ жасыру.
Тәрбиеші балаларды шеңберге жинап, ойнауға шақырады.
Қазір біз « Үй жануарлары» деген ойын ойнайық.
Ойын мақсаты: Үй жануарының дене мүшелерін атауға, ажыратуға үйрету.
Ойын шарты: Осылай дөнгелене отырып, мына ғажайып қалтадан үй жануарларына байланысты ойыншық аласыңдар, сол ойыншықтардың дене мүшелерін атап немесе олар туралы мейрімді сөздер айтуға болады.
Мысалы: Боташым,қошақаным, құлыншағым.
Содан кейін балаларды орындарына жайғастырып отырғызады, Балалардың назарын тақтада ілулі тұрған жайлаудың суретіне аударады.
Балалар суретте нені көріп тұрсындар?
Жайлауда нелер жайылып жүр?
Дұрыс ,балалар жайлауда сиыр, жылқы, қойлар, жайлып жүр.
Бір сөзбен оларды қалай айтамыз?
Балалардың жауабы; Үй жануарлары
Бұл суретте жылдың қай мезгілі көрсетілген? Балалардың жауабы
Үй жануарлардың бізге қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?
Балалардың жауабы: олар бізге сүт, ет, жүн береді
Үй жануарлары немен қоректенеді?
Балалардың жауабы: Шөп жейді
Тәрбиеші: Ал енді сендерге жұмбақ жасырамын.
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Бұл не?
Тәрбиеші: тақтадағы сиырдың суретің көрсетеді. Сиыр туралы қысқаша мәлімет береді.
Сиыр үй жануары. Ол қорада тұрады. Сиырдың денесі ірі. Екі мүйзі құлағы,
көзі бар. Сиырдың терісі жұмсақ. Ол шөпті жейді. Сиырдың төлі бұзау.
Мнемотехника әдісі арқылы сызба таблицасымен жұмыс.
Тақтада үлгі сызба таблицасы ілініп тұрады
Балаларға жеке сызба таблицаияға қарап айна көзілдіріктің көмегімен сиырды сипаттап әнгіме құрастырады.
Балалар екі үш рет әнгімені қайталап оқиды. Тәрбиеші жеке көмек көрсетеді.
Сөздерді буынға бөліп, текшелермен жазылған сөйлемді оқиды.
Сиырдың төлі бұзыу.
Балалар «сиырдың» деген сөзде неше буын бар? Бұл сөз қандай «ұзын», немесе «қысқа» екендігін анықтайық
Балалар алақандарын қосып сөздің ұзындығымен, қысқалығын анықтап беріп, текшелермен сөйлемді құрастырады. Сиырдың төлі бұзау.
Сергіту сәті:
Ж. Өмірбековтың «төлдер» әнін қойып, қимыл қозғалыспен көрсетуге болады.
Сылдырмақтын көмегімен балаларды 3 топқа бөледі.
Сызба таблицасымен жұмыс (қалпақтар киеді)
Топтастыру үй жануарлары мен жабайы аңдарды бөлу ( Сақина киеді) Үй жануарларын шарбақтан қора жасап орналастырады, аңдарды зоо бақа қояды
Шығармашылық «Суретін аяқта» сиырдың жетпей тұрған дене мүшелерін салу (тұмарлар киеді)
Рефлексиялық түзетушілік.
Балалар біз бүгін қандай үй жануарларымен таныстық?
Сиырдын қандай адамға пйдасы бар?
Сиырдын төлі не?
Ал енді мына нақыл сөздерді бірге қайталайық: малды баға біл, бабын таба біл. Балалар 2-3 рет қайталайды
Д\О: «Шын өтірік»
Сабақтың соңында тәрбиеші балаларды мақтайды, нақты және белсенділікпен қатысқан балаларды жұлдышылармен мараппатайды.