Сабақтың мақсаты: Геометриялық фигуралардың атауымен (шеңбер,үшбұрыш,шаршы,сопақ,тіктөртбұрыш және т.б.) таныстыру және бекіту; осы фигураларды басқа пішіндердің арасынан табуға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: әртүрлі геометриялық фигуралар суреттері.
Сабақты ұйымдастыру.
Балалар шеңбер бойын жиналып, бір-біріне жақсы тілектерін айтады.
Балаларға жаңа сабақты түсіндіру.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
№1 тапсырма. Сурет бойынша жұмыс.
- Суретте берілген заттарды ата.
- Суреттегі геометриялық фигураларды ата.
- Кемеге қарап, онда неше үшбұрыш, неше шаршы, неше шеңбер, неше тіктөртбұрыш барын ата.
Осындай жұмысты пойыз, ұшақ, жүк көлігімен де жүргізуге болады.
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Әр баланың алдында үстел үстінде геометриялық фигуралар қойылған. Тапсырма: геометриялық фигуралардан зат құрастыру керек.Затты құрастыру кезінде қандай геометриялық фигуралар қолданғанын айту.
№2 тапсырма бойынша фигуралар салады. Тапсырманың мақсаты- сызба бойынша жұмыс істеу дағдыларын бекіту.
Тапсырманы орындамас бұрын ойын түрінде ауызша жұмыс орындаймыз.Қай зат қандай геометриялық фигураға ұқсас келеді? Үлкен шеңбер- үлкен түймеге, кіші шеңбер - кішкентай шеңберге ұқсайды.
№3 тапсырма алдыңғы сабақта меңгерген кеңістік туралы ұғымды бекітуге көмектеседі.
- Араның жолын сал. Бас жағы қызыл гүлмен белгіленген.
Тапсырманы бағдарша бойынша орындау қажет.
№4 тапсырма. Балалардың зеінін дамытамыз, фигураларды дауыстап айтқызамыз.
- Суретте қандай геометриялық фигуралар берілген? Үлгі бойынша боя. Бөлшектерін тауып, бояу керек.
Іс-әрекетті қорытындылау.
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау,бағалау.