Оқу іс- әрекетінің Кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Армысын,асыл күн!
Армысын,көк аспан!
Армысын,жан досым!
Жылуына жылу қос.Міне,менің қолым.
Балалар,бүгін өте қызықты сабақ болмақшы көп қонақтар келді.Мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер шешімін тауып көріңдер.Сонда сабақтың тақырыбы шығады.
Жұмбақ:
Адамдардың бәрі қызығады.
Ұстай берсен сәні бұзылады.
(Гүл)
-Мынау нелер?
-Гүлдер ненің ішінде өсіп тұр?
-Мұндай гүлдерді қайда өсіреміз?
-Дұрыс,бұл гүлдер бөлмеде өседі.
Сондықтан оларды бөлме өсімдіктері деп атайды. Бөлме өсімдіктері ауаны тазартады.
Балалар шеңберге тұрып жылуларын таратады.
Балалар тәрбиешінің көмегімен жауап беруге тырысады.
Гүлдер.
Құмыра ішінде өсіп тұр.Үйде,топта өседі.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Ұйымдастырушылық-ізденушілік -Қазір мен бір өсімдікті сипаттаймын,ал сендер қандай өсімдік екенің табындар.
-Жапырақтары жасыл ала,ұзынша келген.Балабақшада мен үйде көп өсірілетін гүлдің бірі.Бұл қай өсімдік ойлайсындар?
(Қоянқұлақ гүлін көрсету).Бұл гүлмен біз өткен сабақта танысқанбыз.
-Ал,бүгін сендерді жаңа бөлме өсімдігі-хош иісті қазтамақпен таныстырамын.
Қазтамақтың сабағы жасыл,шырынды,сабағының бойымен хош иіс беретін жапырақтары өседі.
Оның гүл шоғырлары хош иісті және әртүрлі түсті болады,бірақ көбіне қызыл гүлі бар қазтамақтар көп кездеседі.
-Өсімдіктерді қалай суару керектігін көрсетіндерші.
-Су құйғыштың тұмсығын гүл ыдысының шетіне салып,суды шашыратпай суару керек.
Бөлме өсімдіктерін қалай күтіп-баптау керектігін түсіндіреді.
Сергіту сәтін өткізу:
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы,
Жел күшімен шайқалған.
Балалар,осы гүлдер туралы өлең-тақпақ білесіңдер ме?
Таңғажайып сәт:
Есік қағылып,бөлмеге Зарина кіреді.
-Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен мейірімді Заринамын.
Таңертен маған көжектер келіп,құлақтарының ауырып тұрғаның айтып еді.Ал менің дәрі салғышымда дәрілер таусылып қалыпты.
Балалар,сендердің топтарында дәрілік өсімдіктер бар ма? Балалар,сендер таза,уақытылы тамақтарынды ішіп,жылы киініп жүріндер. Менің кішкентай көжектерім сияқты ауырып қалмандар.
-Балалар,сендерге рахмет! Сендер маған көмектестіңдер,енді мен өз достарымды емдеп аламын.
Сау болыңдар!
Айтылған сипаттама бойынша қоянқұлақты табады.
Мұқият тыңдайды.
Қайталайды.
Қазтамақ гүлінің иісін иіскеп,тыныс алу жаттығуларын орындайды.
Қазтамақ пен қоянқұлақты салыстырады.Сабағы мен жапырақтары әртүрлі екенін айтады.
-Қоянқұлақ гүлінің жапырақтарын сулы шүперекпен сүртеді.
Қазтамақ пен қоянқұлақты күту жолдарын айтады.
Сергіту жаттығуын орындайды
қолдарын жоғары көтереді,шайқалады
Балалардың жауабы.
Дәрілік өсімдіктер бар екенін,оның ішінде қазтамақтың атын айтады.
Балалар Заринаға
қазтамақ гүлін береді,онымен қоштасады.
Рефлексиялық-түзетушілік
Сонымен гүлдер не үшін керек екен?
Қандай гүлдер түрімен таныстық?
Сұрақтарға жауап береді.Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:Бөлме өсімдіктерін бір-бірінен ажырата білуге арналған тапсырмалар.
Түсінеді:Табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы мәліметтерді.
Қолданады:Бөлме өсімдіктерін күте білу дағдыларын іс жүзінде.