| Күні:25.01 Сынып: 1 Ә | Пән: Сауат ашу | ||||||
| Сабақтың тақырыбы | Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі. | ||||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.3.5.1.Тақырыпқа байланысты керекті сөздер,сызба,сурет,белгілер қолдана отырып,жай сөйлемдер құрастыру,сөздерді жазу. | ||||||
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. | ||||||
| Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. | ||||||
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||||||
| Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы | ||||||
| АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, таныстырылым. | ||||||
| Тілдік құзыреттілік | Тау,өзен,ағаш | ||||||
| Сабақ барысы | |||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
| Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 2 минут | Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! «Табиғатқа саяхат» тақырыбымызды жалғастырамыз.Бугін біз саяхатқа пойызбен шығамыз.Біздің пойыздың әр вагонында тапсырмалар бар.Сабақ барысында соларды орындаймыз. | Шаттық шебері | |||||
| Сабақтың ортасы 11 минут | №1 Сұрақтың жауабын сызбаға қарап болжа.Диалогті сыныптасыңмен рөлге бөліп оқы: -Жолға шығатын адамды кім дейді? - -Жолаушыға айтылатын тілек сөз қандай?
№2 Суреттерді атап,үш тілде айту: Тау,өзен,ағаш. №3. Жайлауда жүгір Жамалдан тығыл Бүгіл,жығыл! | Таныстырылым, оқулықпен жұмыс Жұппен жұмыс Айтылым | |||||
| Сергіту сәті 1 минут | «Қыдырып қайтайық» | Сергіту сәтіне арналған жинақ | |||||
| Аяқталуы 16 минут Қызықты тапсырма 8 минут | №4 Мағынасы қарама-қарсы сөзді тап. Жуан-жіңішке. Ұзын-қысқа. -Мағынасы қарсы сөздерді атау; Биік-аласа т.б №5 Пазл құрап,шыққан суреттің атауын жазу,дыбыстық талдау жасау.Дәптерге жазу. №6 Жолаушы сөзінен сөздер құрау | Оқулық, дәптерлер. Жұптық жұмыс Топпен жұмыс | |||||
| Сабақтың соңы 2 минут | Қалыптастырушы бағалау
Жіңішке - __________________ Алыс - ____________________ | тапсырма дескриптор | |||||
| рефлексия | Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау. Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
| Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | |||||
Жж дыбысы кездесетін суретті қорша:
- Дыбыстық талдау жаса:
- Қарама – қарсы сөзді жаз:
Жіңішке - __________________
Алыс - ____________________
- Жж дыбысы кездесетін суретті қорша:
- Дыбыстық талдау жаса:
- Қарама – қарсы сөзді жаз:
Жіңішке - __________________
Алыс - ____________________
-


