Просмотр содержимого документа
«танымды? ойын "Ж?зден ж?йрік,мы?нан т?лпар" »
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
А.Утеғалиева
әдіскер
Танымдық ойын
Ойынның мақсаты: Тәрбиешілердің дүниетаным тереңдігін,жан-жақты білімділігін, ең озығын анықтау.Өз жолдасын бағалай білуін, өз пікірін ашық айта алуын байқау.Тәрбиешілердің арасында достық қарым-қатынасты нығайту және уақыттарын қызықты өткізу.
Ойынның шарты: топта алты ойыншы болады. Ойыншылар ойынның әр кезеңінде өзіне қойылған сұрақтарға жауап берумен қатар,кім топтың әлсіз буыны екендігін байқап тұруы тиіс.Әр кезең аяқталғанда : «Сіздің ойыңызша топтың әлсіз буыны кім болды?»-деген сұраққа ойыншылар өз ойын рет саны жазылған парақшалар арқылы білдіреді.Топтың әлсіз буыны деп танылған ойыншы ойыннан шығады.ойынның соңғы кезеңіне қалған екі ойыншыға шұғыл сұрақтар ұйымдастырылады.Тез, ұшқыр жауап берген ойыншы балабақшадағы «Эрудит тәрбиеші» болып табылады.ойын 5 кезеңнен тұрады.
Ойынның барысы: 1.Ойыншыларды таныстыру.
2.Есеп комиссиясын құру
Жүргізуші: Осынау дүбірменен күй ақтарған,
Бәйгеден озып келу сияқты арман.
Әріптес саған сенім артып отыр,
Тұлпар деп бәйгелерде дара шабар.
Алдағы біз көздеген бағыт анық,
Сәйгүлік екеніңді тағы таныт.
Бәйгеде аттың басын тартпас болар,
Ал,енді тізгіндерді ағыталық.
І –кезең
Әр ойыншыға үш сұрақтан қойылады.
1-ойыншыға қойыцлатын сұрақтар.
Қазақ тілі қашан мемлекетік мәртебеге ие болды.(1989ж)
«Махамбеттің тағдыры» романының авторы. (Б.Аманшин)
Қазақстан Республикасы БҰҰ-на қашан қабылданды?(1992ж. 2-наурыз)
2-ойыншыға қойылатын сұрақтар.
«Ақ Жайық» трагедиясының авторы. (Х.Есенжанов)
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы декларация қашан қабылданды? (25.10.1990ж.)
Қазақ тілінің ең басты заңдылығы (Үндестік заңы)
3-ойыншыға қойылатын сұрақтар.
1.Қаратөбе съезі туралы жазылған шығарма (С.Сейфуллин«Тар жол ,тайғақ кешу»)
2.Қазақ халқының тағдырын шешкен айқас (Аңрақай)
3. Жерұйықты іздеген жырау. (Асан қайғы)
4-ойыншыға қойылатын сұрақтар.
1.Қай жасқа жеткен соң, ҚР азаматы маслихат депутаты болып сайланады? (20жаста)
2. «Көшпенділер» трилогиясының авторы. (І.Есенберлин.)
3. «Абылай хан» образын сомдаған актер. (Т.Жаманқұлов)
5-ойыншыға қойылатын сұрақтар.
1.Мемлекеттік қызметке кім түседі? (мемлекет азаматы)
2.К.Байсейітова СССР Халық әртісі атағын неше жасында алды? (24 жасында)
3.Атағы әлемге әйгілі қазақ палуаны. (Қ.Мұңайтпасов)
6-ойыншыға қойылатын сұрақтар.
1.Тіл туралы Заң қашан қабылданды? (1997ж.)
2.Қазақтың тұңғыш саяхатшысы, әдебиет зерттеушісі (Ш.Уалиханов)
3.Абылайдың бала кезіндегі жанама аты. (Сабалақ)
(Қорытындысында бір ойыншы ойыннан шығады.)
ІІ кезең.
1-ойыншыға қойылатын сұрақтар.
1.Елімізде ең көп мүшесі бар саяси партия. (Нұр Отан)
2.Бала құқтары туралы Конвенция қай уақытта қабылданды? (1989ж.20 қараша)
2-ойыншыға қойылатын сұрақтар.
1.Ұлттық валюта тенге айналымға қашан енді? (1993ж. 15-қараша)
2.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім, қашан ұшты? (Т.Әубакиров,1992ж.2 қазан)
3-ойыншыға қойылатын сұрақтар.
1.Олимпиада чемпионы болған ең алғашқы қазақ спортшысы. (Ж.Үшкемпіров)
2.ҚР Парламентінің жоғарғы палатасы (сенат)
4-ойыншыға қойылатын сұрақтар.
1.Адам қанша жастан құққа ие? (туылғаннан)
2.Пирамида термині ең алғаш қай елден шықты? (Мысыр)
5-ойыншыға қойылатын сұрақтар.
1.Өсімдік қай мүшесі арқылы минералды заттарды қабылдайды? (тамыр)
2.Баланың заңды өкілі.(Ата-анасы)
(Қорытындысында бір ойыншы ойыннан шығады.)
ІІІ кезең.
1-ойыншыға қойылатын сұрақтар.
1.Цифр деген не? (санды бейнелейтін таңба)
2.Ең кішкентай құс. (колибри)
2-ойыншыға қойылатын сұрақтар.
1.Ең қатты метал (хром)
2.Оңынан да, солынан да өзгермей оқылатын сан. (қырық)
3-ойыншыға қойылатын сұрақтар.
1.Дүние жүзіндегі ең терең көл (Байкал)
2.Ондық санау жүйесі қай елден шыққан? (Индия)
4-ойыншыға қойылатын сұрақтар.
1.Өзі химиялық элемент,егер «ан» қосымшасы жалғанса, қыстың қаһарлы күнін еске түсіреді.(бор-боран)
2.Емші элемент. (иод)
(Қорытындысында бір ойыншы ойыннан шығады.)
ІҮ кезең
Әр ойыншыға сегіз сұрақтан қойылады.Жауабы мақалмен берілуі керек.
1-ойыншыға қойылатын сұрақтар.
Қар жана ма? (Қалауын тапса қар жанады.)
Адамның төбесі аспанға жете ме? (Төбесі көкке жетеді.)
Адамның қай жеріне нан піседі. (Кеудесіне нан піседі.)
Қай ас тәтті. (Еңбекпен тапқан ас тәтті.)
Аурудың жаманы не? (Аурудың жаманы ұмытшақтық.)
Нені жасыруға болмайды? (Ауруын жасырған өледі.)
Кім қартаймайды. (Халық қартаймайды.)
Сиырдың сүті қай жерінде? (Сиырдың сүті тілінде.)
2-ойыншыға қойылатын сұрақтар.
1.Түкіріктен көл құрала ма? (Көп түкірсе көл болады.)
2.Тауық түс көре ме? (Аш тауықтың түсіне тары кіреді.)
3.Адамның қанаты бар ма? (Ұшарға қанаты болмады.)
4.Тастың жеңілі бола ма? (Керек тастың ауырлығы жоқ.)
5.Адамда арқау бола ма ? (Ас-адамның арқауы.)
6.Қайтсең тегін ішесің? (Ексең егін,ішерсің тегін.)
7.Ердің атын не шығарады? (Ердің атын еңбек шығарады.)
8.Адамның көркі не? (Адамның көркі –шүберек.)
3-ойыншыға қойылатын сұрақтар.
1.Сөз анасы не? (Сөз анасы-құлақ.)
2.Тәуекел түбі не? (Тәуекел түбі-желқайық.)
3.Қай уақытта айнаға өкпелемейсің? (Бетің қисық болса айнаға өкпелеме.)
4.Өтірікші өзін не істейді? (Өтірікші өзін күлкі етеді.)