Просмотр содержимого документа
«Планирование урока на тему: "Бейнелеу ?неріні? к?рмесіне саяхат" »
ТАҚЫРЫБЫ: Бейнелеу өнерінің көрмесіне саяхат.
МАҚСАТЫ: Балаларды өнер әлеміне баулу,эстетикалық талғамын шығармашылық құзыреттілігімен қиялдау қабілетін дамыту.Балалардың ойымен сезімін жетілдіре білуге үйрету. Бейнелеу өнерінің барлық түрлеріндегі іскерліктерін жетілдіру. Қойылған міндеттерге сәйкес өз жұмысының нәтижесін бағалай білу іскерлігін арттыру. Халық шеберлерінің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
ҚҰРАЛДАР: Нан. тұз,орамал,домбыра,гүл.күн,тоғай,қонақтарға және балаларға сыйлыық,суреттер, натюрморттар. Қол өнерден шыққан заттар,темір қақпақтар,құмыра,дымков ойыншықтары,сырмақтар,альбом ,буклеттер,кітаптар қылқалам,субояу,моншақтар,гуашь,су шүберек.
Балалар күніміз сәтті ,көңілді өтсін деп бір-бірімізге жылы лебіздер білдірейік.Ортамызда тұрған күн сәулесінің шуақтарынан жылы лебіздер айтайық:
-Аспанымыз ашық болсын
Күніміз сәтті болсын
Елбасымыз аман болсын
Көк туымыз биік болсын
Әрқашан күн сөнбесін –деп қонақтарға жылы лебізді үрдеп таратамыз.
- Балалар біз бүгін Бейнелеу өнері әлеміне саяхат баруымыз керек еді бірақ жолдамамыз кешігіп жатыр.
ҒАЖАЙЫП СӘТ. Дөңгелекке отырғызылған гүл залға енеді. Гүл ашылып ішінен екі қыз бала шығады.
Қыздар:-Сәлем балалар.Сендерге жолдама алып келдік.Сендермен бірге баруға болама?
-Рахмет ,қыздар сендерге .Келген гүлдерін қандай әдемі. Біз осы жолдама кешігеме деп едік ,сендер дәл уақытында келдіңдер.Сендерге ризашылығымызды білдіру үшін сендерді бізбен бірге баруға шақырамыз
7. Бейнелеу өнері әлемінде балаларды жетекші апайлары күтіп алады.
8. –Барлықтарын өте әдемі,көктем гүліндей сұлу екенсіңдер.Бейнелеу көрмесіне қош келдіңдер.
9. Бейнелеу әлеміне кірген балалар жан-жақтарына қарап танысады.
10. ӘМИНА: Салдым асқар тауымды
Қойнаудағы ауылды
Көктем бұлтты қаптатып
Тамшылаттым жауынды
Нұр ойнаған бетінде
Мал жайылған шетінде
Салдым ирек өзенді
Жүрген кетпей есімде
Теріп дала гүлдерін
Мынау менің жүргенім
Салар едім табиғат
Дала әсем келбетін
ЕРАЛЫ: Тасқа бедер саламын
Егеп,қырнап,жонамын
Шеберлігі шындалған
Мен мүсінші боламын
ЖАРАС: Түрлі-түсті бояуларды білемін
Ажыратам көгін.сұрын,қызылын
Тас көмірдің түсі шымқай қап-қара
Сурет салам борменен қара тақтаға
САБИНА: Биылғы жыл қоңыр күзде қоп-қоңыр
Қозыларға кенет толып кетті өнір
Түрлі-түсті бояуларды білемін
Ажыратам ашық сары түстерді
НҰРБОЛАТ: Жап-жасыл боп қанат жайды жапырық
Жап-жасыл боп қалады бар атырап
Қып-қызыл ғой даладағы қызғалдақ
Қып-қызыл боп жүремін мен ызғарда
11. Би: «Қара жорға»
12. Бейнелеу өнері әлемімен танысу
13.Балаларды шеберханаға шақыру.
14. Балалардың жұмысы
-1-үстел :Сым темірден және жіптерден гүл жасау
-2-үстел Тоқыма станогтермен жұмыс
-3-үстел Дымков ойыншықтарын бояу
-4-үстел Ермексаз жайылған тақтайша беттеріне сіреңке шилерінен әр түрлі заттарды жасау