?з- Наурыз ?ош келді? » ерте?гілігіні? сценариі.
Саба?ты? та?ырыбы:   «?з- Наурыз ?ош келді? ».
Саба?ты? ма?саты: Балалар?а Наурыз мерекесіні? м?н-ма?ынасын ??ындыру, ?лтты? салт-  д?ст?р т?рлерін айта отырып, рухани жан- д?ниелеріне ?сер ету.  Салт-д?ст?рді сыйлау?а, адамгершілікке, сыпайылы??а т?рбиелеу.
К?рнекіліктер:  Шарлар, ленталар, ша?ыра?.
Ж?ргізуші:  ??рметті ата-аналар, ?ріптестер ж?не балалар! ?ош келіпсіздер! Б?гінгі ?лысты? ?лы к?ні ??тты болсын!
Ата-бабамызды? с?зімен айт?анда, б?гін а? т?йені? ?арны жарыл?ан к?н! Наурыз мейрамы ??тты болсын!
                       Наурызбенен ?ласып к?ктем жеткен,
                       ?лкен-кіші к??ілін к?кке ?рлеткен!
                        Жан-жануар, таби?атты т?рлентіп,
                        Ескі жылмен реніш, ?кпе? кеткен!- дегендей, реніш,?кпе наздарын ?мытатын к?н. К?н жылынып ?ар кетеді то? жібиді.Самар?анны? к?к тасы еритін к?н.Жан-жануар, ж?ндіктер ?ыс?ы ?й?ыдан оянады, жыл ??стары келіп, ?я салады.Мал т?лдеп, су б?геледі.Жа?а жыл тек жа?сылы? ала келсін, т?рт т?лігім т?лдесін, а? мол болсын, ел то? болсын!
Мектеп директоры: Самал Ны?мет?ызына с?з беріледі.
Ж?ргізуші: Орта?а с?н-салтанатымен Наурыз ша?ырайы?!
Наурыз:  (Лиза апа)     Жайнатамын бар г?лді, Сайратамын б?лб?лды. Т?гілтіп ?н-к?й жырды,
Мейрамдайы? б?л к?нді. Тіршілікті? бастауы, Наурыз айы- мен болам.
Ж?ргізуші:      Орта?а  К?н мен Т?нді ша?ырайы? !
К?н: (Анар)   С?улесі мол к?нмін.
Т?н:(Улпош) Ж?лдызы мол т?нмін.
К?н мен Т?н ; ?за?ты?ы бірдей болып,
                         Те?елеміз б?л к?ні.
Ж?ргізуші: Ал, балалар жарыса билеп, ?н салып, та?па? айтып, ?нерді орта?а салайы?.
  А?тілек:  Ата- бабам тойла?ан,
                  Наурызым армысы?.
                  ?ызы??а еш тойма?ан,
                  Дархан дала, ?арлы шы?.
?лан:     Наурыз келді жыл басы, Шуа? т?кті жары? к?н, Мейрамына халы?ты?.
Бата беріп атамыз, Бата беріп апамыз.  Т?тті болып жасал?ан, Наурыз к?жеден д?м татамыз.
Аяулым: Жа?а жыл! Жа?а жыл! Ба?ыт жылы бол?айсын!
                 Бізге беріп жа?а жыр, Бізден ал?ыс ал?айсын!
Ж?ргізуші;  Ал, балалар енді кішігірім к?рністі тамашалайы?.
                     «Ат ?ою» р?сімі тамашалайы?.
 Ж?ргізші:  Ал, балалар ары ?арай та?па?тарымыз жал?астырайы?.
 Бейбіт:    К?нтізбені? пара?ын, Б?гін а?дап ?арадым.
                 Мерекелі к?н кепті, Жыртпаймын мен б?л бетті!
Г?лназ:  Жа?сы тілек айтамыз,
              Наурыз ??тты болсын деп!
              Жа?а жылда сіздерді!
              ?уаныш?а толсын деп.
Мерхат:  Наурыз-г?л к?ктем,
                С?нді ай арайлы.
                К?лімдеп к?н к?ктен,
                Н?р шашып ?арайды.
Ата- ?же келеді: Наурыз мейрамы ??тты болсын! Мені? немелерімні? б?рі осында екен гой,(шашу шашылады)
Ж?ргізуші: Армысыздар, Ата, ?же мереке к?ні жа?сы келді?іздер, мына немелері?ізді? ?нерін тамашала?ыздар.
Балалар енді орта?а Аяужанды ша?ырайы? біздерге арнап жа?сы ?н айтсын.
   ?н:  «Жазда атамны? ауылына бар?анда  »
Ж?ргізуші: Ал, балалар енді кішігірім к?рністі тамашалайы?.
« Т?сау  кесу  р?сімі»
Ж?ргізші:  Ал, балалар ары ?арай та?па?тарымыз жал?астырайы?.
Али;      Жасай берсін жа?а к?н, Туа берсін  жа?а н?р.
              Д?р сілкінсін дала бір, ??тты болсын наурыз тойы, 
              ??тты болсын  жана жыл.
?азиза:   Бусанып жерім бай, Т?сінде ?ал?ыр ?н.
               Наурыз- к??ілді ай, Шатты?ы шал?ы?ан.
С.Мерхат:   Ойнаймыз шаттана, Ішеміз к?нде айран.
                     Бала?а, ?арт?а да, Орта? ?ой б?л мейрам.
Орынгуль: ??т бауырса? шашылып, Наурыз тойы ашылсын.
                   Бір-бірімен мынау ж?рт, К?рімдігін асырсын.
                   ?нім еккен д?німіз, Б?ршік жар?ан базымыз, Т?лдеп жатыр малымыз.
Ата: ?лыс о? болсын!
         А? мол   болсын!  ?айда барса? жол болсын! Т?рт т?лік а?ты  болсын!
        ?лыс береке берсін!  Дастарханы? ке? болсын!  Уайым, кай?ы? жок болсын!
             Аумин !
 Ж?ргізші:  Рахмет Ата!
             Наурыз той?а жайыл?ан, ?р уйде киелі дастархан ?нге ?осып б?ріміз, дастархан ?нін шыр?аймыз.
?н:    «Дастархан» ?ні орындалады.
?же  Балаларым, Наурыз  мерекесіне арнал?ан наурыз к?жені ішуге а? дастархан?а  ша?ырамын.
Ж?ргізуші: ??рметті ата-аналар, балалар бізді? кішкене концерттімізге келгендері?ізге рахмет.              
 
    
    
    
    
            
                Просмотр содержимого документа 
                 
                «"?з наурыз ?ош келді?" ерте?гілік » 
             
            
                                                              «Әз- Наурыз қош келдің » ертеңгілігінің сценариі.
 Сабақтың тақырыбы: «Әз- Наурыз қош келдің ».
 Сабақтың мақсаты: Балаларға Наурыз мерекесінің мән-мағынасын ұғындыру, ұлттық салт- дәстүр түрлерін айта отырып, рухани жан- дүниелеріне әсер ету. Салт-дәстүрді сыйлауға, адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
 Көрнекіліктер: Шарлар, ленталар, шаңырақ.
 Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, әріптестер және балалар! Қош келіпсіздер! Бүгінгі ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
  Ата-бабамыздың сөзімен айтқанда, бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн! Наурыз мейрамы құтты болсын!
  Наурызбенен ұласып көктем жеткен,
  Үлкен-кіші көңілін көкке өрлеткен!
  Жан-жануар, табиғатты түрлентіп,
  Ескі жылмен реніш, өкпең кеткен!- дегендей, реніш,өкпе наздарын ұмытатын күн. Күн жылынып қар кетеді тоң жібиді.Самарқанның көк тасы еритін күн.Жан-жануар, жәндіктер қысқы ұйқыдан оянады, жыл құстары келіп, ұя салады.Мал төлдеп, су бөгеледі.Жаңа жыл тек жақсылық ала келсін, төрт түлігім төлдесін, ақ мол болсын, ел тоқ болсын!
 Мектеп директоры: Самал Нығметқызына сөз беріледі.
 Жүргізуші: Ортаға сән-салтанатымен Наурыз шақырайық!
 Наурыз: (Лиза апа) Жайнатамын бар гүлді, Сайратамын бұлбұлды. Төгілтіп ән-күй жырды,
  Мейрамдайық бұл күнді. Тіршіліктің бастауы, Наурыз айы- мен болам.
 Жүргізуші: Ортаға Күн мен Түнді шақырайық !
 Күн: (Анар) Сәулесі мол күнмін.
 Түн:(Улпош) Жұлдызы мол түнмін .
 Күн мен Түн ; Ұзақтығы бірдей болып,
  Теңелеміз бұл күні.
 Жүргізуші: Ал, балалар жарыса билеп, ән салып, тақпақ айтып, өнерді ортаға салайық.
  Ақтілек: Ата- бабам тойлаған,
  Наурызым армысың.
  Қызыққа еш тоймаған,
  Дархан дала, қарлы шың.
 Ұлан: Наурыз келді жыл басы, Шуақ төкті жарық күн, Мейрамына халықтың.
  Бата беріп атамыз, Бата беріп апамыз. Тәтті болып жасалған, Наурыз көжеден дәм татамыз.
 Аяулым: Жаңа жыл! Жаңа жыл! Бақыт жылы болғайсын!  
  Бізге беріп жаңа жыр, Бізден алғыс алғайсын!
 Жүргізуші; Ал, балалар енді кішігірім көрністі тамашалайық.
  «Ат қою» рәсімі тамашалайық.
  Жүргізші: Ал, балалар ары қарай тақпақтарымыз жалғастырайық.
  Бейбіт: Күнтізбенің парағын, Бүгін аңдап қарадым.
  Мерекелі күн кепті, Жыртпаймын мен бұл бетті!
 Гүлназ: Жақсы тілек айтамыз,  
  Наурыз құтты болсын деп!
  Жаңа жылда сіздерді!
  Қуанышқа толсын деп.
 Мерхат: Наурыз-гүл көктем,
  Сәнді ай арайлы.
  Күлімдеп күн көктен,
  Нұр шашып қарайды.
 Ата- әже келеді: Наурыз мейрамы құтты болсын! Менің немелерімнің бәрі осында екен гой ,(шашу шашылады)
 Жүргізуші: Армысыздар, Ата, Әже мереке күні жақсы келдіңіздер, мына немелеріңіздің өнерін тамашалаңыздар.
  Балалар енді ортаға Аяужанды шақырайық біздерге арнап жақсы ән айтсын.
  Ән: «Жазда атамның ауылына барғанда »
 Жүргізуші: Ал, балалар енді кішігірім көрністі тамашалайық.
  « Тұсау кесу рәсімі»
   
 Жүргізші: Ал, балалар ары қарай тақпақтарымыз жалғастырайық.
 Али; Жасай берсін жаңа күн , Туа берсін жаңа нұр .
  Дүр сілкінсін дала бір , Құтты болсын наурыз тойы,   Құтты болсын жана жыл.
 Ғазиза: Бусанып жерім бай, Төсінде қалқыр ән.
  Наурыз- көңілді ай, Шаттығы шалқыған.
 С.Мерхат: Ойнаймыз шаттана, Ішеміз күнде айран.
  Балаға, қартқа да, Ортақ қой бұл мейрам.
 Орынгуль: Құт бауырсақ шашылып, Наурыз тойы ашылсын.
  Бір-бірімен мынау жұрт, Көрімдігін асырсын .
  Өнім еккен дәніміз, Бүршік жарған базымыз, Төлдеп жатыр малымыз.
 Ата: Ұлыс оң болсын!
  Ақ мол болсын! Қайда барсаң жол болсын! Төрт түлік ақты болсын!
  Ұлыс береке берсін! Дастарханың кең болсын! Уайым, кайғың жок болсын!  
  Аумин !  
  Жүргізші: Рахмет Ата!
  Наурыз тойға жайылған, әр уйде киелі дастархан әнге қосып бәріміз, дастархан әнін шырқаймыз.
 Ән: «Дастархан» әні орындалады.
 Әже Балаларым , Наурыз мерекесіне арналған наурыз көжені ішуге ақ дастарханға шақырамын.
 Жүргізуші: Құрметті ата-аналар , балалар біздің кішкене концерттімізге келгендеріңізге рахмет.  
  
  Батыс Қазақстан облысы
  Ақжайық ауданы Алмалы орта жалпы білім  
 беретін мектебі жанындағы «Балбөбек» шағын орталық  
  І сәбилер тобының тәрбиешісі Искалиева Ардак Мадиевна.