Жан?яны? берекелі бірлігі мен тірлігі-?р баланы? ба?ытты балалы? ша?ы мен болаша??а ?адамы.?о?амны? назарын отбасында?ы к?птеген проблемалар?а аудару ма?сатында Біріккен ?лттар ?йымы Бас Ассамблеясымен 15- мамыр Хал?аралы? отбасы к?ні болып бекітілген.
«?лгілі отбасы» атты бай?ауымыз сайыс т?рінде ?теді.
Сайысты? ?ту ережесімен таныстырып ?тейік.?р кезе? 10 минуттан аспауы керек ж?не осы кезе?дерге берілетін жо?ары ?пай 5 ?пай.
1 «Тегін білу тектілік» таныстыру кезе?і 3минут.
2. «Тіл ?нері» ма?ал м?телді? жал?асын табу 3минут
Просмотр содержимого документа
«?лгілі отбасы сайысы »
Жүргізуші: Жиналыппыз сәтті күн бәрімізде
Үлкен –кіші жасымыз кәрімізде
Төрлетіңдер қадірлі қонақтарым
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге
-деп «Үлгілі отбасы» атты тәрбиелік шарамызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Олай болса,осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық .
1.Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
Бақберген отбасы ортамызда
2.Жігітке ақыл,білім жарасады
Нағыз ер халқыменен санасады
Сайысқа бар күшімді саламын деп
Әбіш отбасы таласады
3 .Қиналғанда арқа сүйеп жүретін,
Жанұядан барма басқа сүйеніш?
Қуансамда бірге жүріп қуанып ,
Тірегімсің ,ақылшымсың бір өзің!деп ұрандатқан
Найзабековтер отбасын ортаға шақырамыз
4.Жанұям ,үстем болсын мерейің
Табылмас жанашырым өзіңдей!
Бірлік пенен татулық,
Амандық пен денсаулық
Болсын бізбен әрдайым деп
Балапан отбасын қарсы алайық.
«Отан-отбасынан басталады»дегендей,отбасы-шағын ғана мемлекет.
Жанұяның берекелі бірлігі мен тірлігі-әр баланың бақытты балалық шағы мен болашаққа қадамы.Қоғамның назарын отбасындағы көптеген проблемаларға аудару мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясымен 15- мамыр Халқаралық отбасы күні болып бекітілген.
«Үлгілі отбасы» атты байқауымыз сайыс түрінде өтеді.
Сайыстың өту ережесімен таныстырып өтейік .Әр кезең 10 минуттан аспауы керек және осы кезеңдерге берілетін жоғары ұпай 5 ұпай.
1 «Тегін білу тектілік» таныстыру кезеңі 3минут.
2. «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу 3минут
1.Оқу ісінің меңгерушісі: Ермекова Сара Орынбайқызы
2.Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Ағатаева Айгерим
3. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Нұрбаулова Тұрсын
I.бөлім :Бәйгеге жарыс деген соң жарысайық
Мәреде бәріміз де табысайық
Бұл байқауды биссимиллә деп бастау үшін
Алдымен әулеттермен танысайық дей келе
«Тегін білу тектілік кезеңіне берелік»
1.0 «А»сынып оқушысы Бақберген Ернұр
2.0 «Б» сынып оқушысы Әбіш Жансейіт
3.0 «В» сынып оқушысы Найзабеков Ахмет
4.0 «Г» сынып оқушысы Балапан Нұржайна
II.бөлім: Мақал – мәтел аукционы
Шебер болсақ , тіл байып
Шешендіктер бір ғайып
Мақал- мәтел үйреніп,
Тілімізді шыңдайық- деп кезекті отбасыларымыздың мақал-мәтел айту, яғни жалғастыру.
1.Бақберген отбасына
2.Әбіш отбасына
3. Найзабековтер отбасына
4. Балапан отбасына
III.бөлім: «Кім жылдам» Сурет құрастыру 2 минут
IV.бөлім: Салт-дәстүр сұрақтар
Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанда жұрт қызығар
Жауаптарын табар ма екен сайыскерлер
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
1.Бақберген отбасына сұрақ.
2.Әбіш отбасына сұрақ
3. Найзабековтер отбасына сұрақ
4.Балапан отбасына сұрақ
V.Бөлім: «Атың барда жер таны желіп жүріп,асың барда ел таны беріп жүріп»деп қазақ бекер айтпаған .Қонаққа барудың да қонақтарды күтудің де өзіндік қыры мен сыры бар.Сайыста өздері дайындаған ас- мәзірі дәм-думанды тамашалайық.
Жарыс заңы ежелден- Жеңімпазды анықтау Жеңімпаз болу шарты сол- Еңбектену, жалықпау Біреу озса сайыста, Біреу артта қалады Жеңілгендер ренжімей Тарасса бізге жарады. Сайысымыздың қортындысын шығаруға кезекті әділқазы алқасына сөз кезегін береміз. (Әділқазыларды тыңдау)
Құрметті ата- аналар және қонақтар, балалар бүгінгі «Үлгілі отбасы » атты сайысымыз өз мәресіне жетті барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз.