Мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету.
Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.
Көрнекілігі: ақын портреті, ақын туралы буклет, кітап көрмесі, Жамбыл әлемі слайд.
«Майтөбе» әні орындалып, балалар залға кіреді.
Жүргізуші:
Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,
Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.
Тілекке көл аңсаған бүгін жеттің,
Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.
Халық үшін төрге төсеп төсек етер,
Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.
Көтерген көкке төбе тірелгенше,
Иеді көпшілікке басын Жамбыл.
Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
Армысыздар, ардақты ұстаздар, қонақтар мен балалар!
Заманына «ХХ ғасырдың Гомері», жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жыр алыбы - Жамбыл Жабаевтың 172 жылдығына арналған тәрбие кешіне қош келдіңіздер! Бүгінгі біздің тақырыптық іс-шара қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл ата өзіңнің үміт күткен ұрпақтарың сіз туралы ой толғап сыр шертеді.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 172 жасқа толып отыр.
Жүргізуші: «Балауса» балабақшасының меңгерушісі Меруерт Сламқызына сөз беріледі.
Жүргізуші: Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе- мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу- сызуды білмесе де, жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды. Ол «Көрұғлы», «Мұңлық- Зарлық», «Шаһнама», «Қыз Жібек» сияқты үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған.
Жүргізуші:Музыка жетекшісі Нұртай Есболаттың орындауында «Жамбыл ауданы» әнін қабыл алыңыздар.
Слайд. «Жамбыл әлемі» Фотосуреттер.
Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің бар шындығын жырлады.
Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған. Жастайынан өлеңді қолма- қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйсінген атақты Сүйінбай ақын оған ақ батасын берген.
Жүргізуші: Қыздардың орындауында «Асатаяқ» биі.
Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы», «ХХғасырдың Гомері», «Жамбыл – менің жай атым, халық- менің шын атым» деген ұлы тұлға. 1938 жылы «Ленин» орденімен, 1939 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1941 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Алғашқы өлеңдері Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет, Шашубаймен айтысқан, әсіресе 1881 жылы Құлмамбетті жеңіп, Жетісудың атақты ақыны аталды. Жамбылдың бізге қалдырған өлеңдері, дастандары бар.
Просмотр содержимого документа
«Сценарий на тему "Жамбыл ата"»
Тақырыбы: «Жамбыл ата»