Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы топ балаларына арналған "Жомар күз" ертеңгілігі»
«Жомарт күз!»
Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар сиздерді бүгінгі мерекемен құттықтаймын Күз мезгілі баршамызға жақсылығымен молшылығымен берекесімен келсін дей отырып
мерекесі халықтың
Алтын күзді бастайық
Алтын күзге арналған
Күз Жомарт атты мерекелік
Ертеңгілігімізді бастайық олай болса қол соғып қошемметтеп ортаға балапан тобын шақырайық
(Залға қолдарына қолшатыр ұстаған Балапан тобы кіреді қатарға келіп тұрады әндерін айтады)
Ән: «Кап-кап»
Жүргізуші Жарасыңдар балалар енді орнымызға отырайық
Балалар бүгін бізде мереке Сендерді құттықтап соноу жерден Күз Ханшайымыда келіпті Ендеше балалар қол соғып ортаға Күз Ханшаймын шақырайық
Балалар: Күз, күз, кел, кел!
(Осы кезде залға музыка ырғағымен Күз Ханшайымы кіреді)
Күз: Мен, Алтын күзбін!
Мерекеге келдім,
Күзгі сыйлықтарды,
Балаларға әкелдім - ой-ой менің себетім (ойланып тұрып) қай жерде қалып қойды екен. Орманда жапырақтарды бояп едім, бәлкім сол жерге ұмытып кеттім бе екен?!
(осы кезде қоянды орман ішінде себетпен жүргенін көреді)
Күз: Сәлеметсің бе, Қоянжан қайда жүгіріп барасың? Сенің қолыңдағы себет менің себетім еді. Жаңа орманда қалып қойыпты.
Қоян: Сәлеметсіз бе! Сәлеметсіңдер ме балалар!
Күз ханшайымы мен тауып алдым, ешкімге керек емес екен деп. Енді өзіме осы себетпен қысқы азығымды жинап алайын, деп кетіп бара жатқан едім. Ренжімеңізші ұрлағаным жоқ.
Күз: Жооқ, мен керісінше табылғанына қуанып қалдым Кәне, балалар біз қоянжанға көмектесіп, қыстық азығын жинап берейікші.
Ойын: «Сәбіз жинау»
Ойын шарты: жерге сәбіздерді шашып қоямыз. Балалар жерде жатқан сәбіздерді себетке жинайды. Ойынға балалардың барлығы қатысады.
Қоян: Рахмет балалар. Сендермен мен дос болайыншы. Жалғыз ішім пысады. Сендермен қызықты екен.
Жүргізуші: Балалар қоянжан мен дос болайық па?
Балалар:Ия
Жүргізуші:Жақсы,онда біз Күз ханшайыммен Қоянжанға күз мезгіліне арналған тақпақтарымызды айтып берейік.
Тақпақтар
(Балалар ортаға келіп бір қатарға тұрады)
1.Аружан
Алтын сары,қызыл,көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
2.Назерке
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерді жинауға,
Шақырады біздерді.
3.Асылым.Р
Күздің қазан айында,
Алма,алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр,сыбдыр түседі.
4.Фатима
Шаршауды білмейміз,
Көңілді би билейміз.
Әсем ән салып,
Билеуге дайынбыз.
5.Мади
Алақай,алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті,дән пісті,
Айтамыз алғысты.
Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар. Енді барлығымыз бір ойын ойнап жіберейікші.
Ойын: «Жапырақ жинау»
Ойын шарты:Тәрбиеші толы жапырақты қолшатырмен ортаға шығып, ақырын жоғары көтереді. Балалар ортаға тәрбиешінің жанына жүгіріп шығады да, қолшатырдан шашылған жапырақтың астында тұрады. Жерге түскен жапырақты себетке жинайды. Балалар көңілді музыкамен билейді, жаңбырдың дыбысын естігенде үлкен қолшатырдың астына тығылады, ойыннан кейін қол ұстасып орындарына отырады.
Жүргізуші:Рахмет балалар. Енді күзханшайымына бір әнімізді айтып берейік.
Ән: «Күз келді»
Күз: Міне керемет болды, қоянға көмектестіңдер, өнерлеріңді көрсеттіндер, жарайсындар балалар. Сендермен өте көңілді, бірақ менің қайтатын уақытым келді. Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: Балалар Алтын күзбен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыз!
Жүргізуші: Балалар, біздің де қайтатын уақытымыз келді. Күзханшайымның сыйлықтарын алып, топқа барайық.