Просмотр содержимого документа
«?ыс келді, ала?ай! »
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ә.Тәжібаев ауылы «Ақбесік» балабақшасы.
«Ересектер» тобы.
Тәрбиеші: Қалеке Бағила Сейітжанқызы
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Әкология
Тақырыбы: «Қыс келді, алақай!»
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілінің, ауа-райының, адамдардың киімдеріне қарапайым табиғи өзгерістерді байқауға үйрету. Танымдық сипатта сұрақтар қою және қоршаған табиғатқа қызығушылығын тәрбиелеу, арттыру. Балаларды табиғат пен ауа-райының бақылау нәтижелерін белгілеп отыруға үйрету.
Балалар өтілген оқу іс-әрекетімізді «Құстар алаңына бару» пысықтау.
Жұмбақ
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
Ендеше бүгінгі оқу іс-әректіміз не жайында болайын деп тұр?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілінен ерекшелігі неде?
Қыста күн суық болады, боран ұйытқып соғады. Дала қарға толады. Қатты аяз болады. Жылы тон, пальто, қолғап киеміз. Қар борап жауады. Ағаштар қар жамылады. Қар мақтадай аппақ болады.
Қыста қандай ойын түрлерімен ойнаймыз?
Балалар, осы ойын кезінде құлап қалсаңдар, жылайсыңдар ма?
Балалар серуен кезінде біз шанамен де, сырғанап та ойын түрлерімен ойнадық. Қане айтайықшы. Кім-кімді шанамен сүйреді?
Балалар бақылау кезінде біз қарды бақыладық? Қарды басып көрдік. Қардан қандай дыбыс шықты?
Ал, осы қар бір-біріне жабысты ма?
Неге
Ал, ауа-райы жылынған соң қарды қайта бастық қандай дыбыс шықты?
Ал осы кезде қар бір-біріне жабысты ма?
Неге?
Ал балалар біз аққаламен қай кездегі қармен жасадық?
Қыста құстарға қалай қамқор боламыз?
Қыста ағаштар қандай өзгерісте болады?
Суретпен жұмыс
Тақтаға сурет ілінеді. Әңгімелеу.
Телеарнадан серуен кезін көру.
Ғажайып сәт
Ішке аққала кіреді. Балалар:
- Ой, мына жер қандай жылы. Балабақшаларың қандай әдемі, көрікті, таза.
Балалар маған қыс туралы тақпақ, жұмбақ айтып беріңдерші.
Мунира:
Лебі мұздай ызғарлы,
Алып келді қыс қарды.
Қысқа түндер ұзарды,
Ұзақ түндер қысқарды
Маша:
Аяз сүйіп қарсы алған,
Жердің аппақ тұлғасы.
Қыстың айы – Қаңтардан.
Басталады жыл басы
Санжар
Жұмбақ
Қарға сүйреп шығам, ойға мініп түсем
(Шана)
Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады.
(Мұз)
Нанымдар мен сенімдер
Мағауия
Құстар өзендегі, арықтағы суға түссе, ауа-райы өзгеріп, жаңбыр жауады, жер бауырлап ұшса, күн бұзылады.
Аруана
Құстар өздерінің қайда екенін өзге құстарға жеткізу үшін ән салады.
Нұрберген
Жануарлардың ұйқыға кетуі – қыстан аман шығуына ықпал етеді.
Еркеназ
Тысқа шықсам, ауа қар,
Басып қапты маңайды.
Тал басынан қарғалар,
Тамашалай қарайды.
Айша
Бір топ бала сырғанап,
Барады әне жарысып
Қалды артта қыр, алаң
Іздерінен қар ұшып.
Ардақ
Қырау қатып, жағаға,
Аяз беттен өбеді.
Бірі мініп шана
Бірі шаңғы тебеді.
А. Айзере
Сәтке қарап тұрмайсың,
Көңілді еді, қыс қандай!
Шаңғыменен зырлайсың,
Қанат бітіп ұшқандай!
Ал, балалар мен сендерді серуенде құрастырған аққаламын.
Ой, балалар маған ауа жетпей қысылып бара жатырмын. Мен кетейін, сендерді сыртта серуенде күтемін, сендер жақсы жұмыс жасадыңдар. Рахмет балалар.
Балалар аққалаға, аққала суретін салып, тарту етеді.
Балалар ойын арқылы іс-әрекетімізді қорытындылайық. «Кім көмектеседі?»
Мақсаты: Балалардың қыс туралы алған білімдерін тиянақтау, толықтыру. Ойынның мазмұны:
Тәрбиешінің белгісі бойынша бала әр адым сайын қысқы ауа-райы, қысқы ойын түрлерін атайды.
Халық болжамы:
Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы болады.
Қыс аязды болса, жаз ыстық болады.
Қар – снег, мұз-лед, аққала-снеговиг
Балалар қимыл-қозғалыспен көрсетеді.
Ақпан айы, жұма күні
Қар
Қыс, қар, мұз
Қыс мезгілі
Күн суық болады. Қалың киінеміз, ауа райы суық болады.
Шанамен, қар атысу, аққала жасау т.б.
Жоқ, өйткені ойын өте қызықты.
Балалардың әр түрлі жауаптары
Қырш-қырш
Жоқ
Өйткені, күн өте суық
Қырт-қырт
Иә
Ол кезде күн жылы
Күн жылы кездегі қармен жасадық.
Жем береміз.
Жапырақтар түсіп, қысқы ұйқыға кетеді. Ағаштар қар жамылады.
Әңгімелесу
Телеарна тамашалау
Балалар қимыл қозғалыспен көрсетеді.
Сау болыңыз, аққала
Рефлексивті коррекциялаушы
Қыс туралы түсінік беру. Қыс қызықтарын байланыстырып айта білуге үйрету. Жасаған жұмыстарын таза, ұқыпты жасай білуге үйрету. Ауа-райының басқа жыл мезгілінен ерекшелігін айта білу. Аяқтау, пысықтау, қорытындылау, мақтап, мадақтау
Балалар мәз болысады.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Қыс туралы түсінік беру.
Меңгере білуі: Ауа райын болжауға, қысқы ойын түрлерін жақсы ажырата білуге үйрету
Жасай алуы: Ұқыпты, таза жұмыс жасау. Қыста жылы киініп жүру.