Просмотр содержимого документа
«"?ош келді?, Наурызым!" (ерте?гілік) »
«Қош келдің,Наурызым»
Мақсаты: Балаларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Балалардың ой-өрісін, сөздік қорларын дамыту.
Ұлтымыздың дәстүрлі мерекесін құрметтеуге,тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,қонақтар! Бүгінгі біздің Ұлыстың ұлы күніне арналған «Қош келдің,Наурызым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Күн мен түнді теңеген, бәрімізді қуанышқа бөлеген,ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Ұлыс баршанызға бақыт,денсаулық,ырыс,береке әкелсін!
Жүргізуші: Наурыз-бақыттың бастамасы.
Ұлылықтың ұйытқысы.
Жақсының жаршысы.
Ынтымақтың белгісі.
Өмірге нұр сыйлаған,сезімге гүл сыйлаған мереке.
Олай болса кезекті балаларға берейік.
Аяулым: Наурыз тойы-құтты болсын!
Айана: Аспанымыз ашық болсын!
Айлин: Жасай берсін жаңа күн!
Айару: Наурыз тойы-Мереке
Наурыз тойы-Береке.
Бауыржан: Наурыз-шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ануар: Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді.
Алима: Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шәй қайнатып береді,
Біздің үйдің бәріне.
Алижан: Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты.
Малика: Алақай-ау,алақай,
Көктем қандай көңілді.
Дилиана: Көктем келді бүгін,
Күн де,төкті нұрын
С.Айзере: Ұлыс бақыт әкелсің!
А.Айзере: Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме.
Х.Айару: Наурыз-жыл басы,
Наурыз-жер басы.
Алихан: Наурыз-тойы тамаша.
Махамбет: Наурыз-тойы жаңаша.
Сафиназ: Армысың,Наурыз!
Аруна: Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Самал:Әр күніміз жақсы болсын!
Аян:Ақ мол болсын!
Дарын: Достығымыз берік болсын!
Жүргізуші: Балалар,бізге қонаққа кім келе жатыр?
Ата:Сәлеметсіңдер, ме балалар! Наурыз мейрамы құтты болсын! Ақ мол болсын!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе,ата отырыныз,біздің балалардың өнерін тамашаланыз.
Ата: Рахмет! Менде балаларға қазақтың салт дәстүрінің бірі «Ат қою» рәсімін көрсетейін деп келдім.
«Ат қою» рәсімі
Жүргізуші: Көктемнің төкті нұры,
Көңілдін кетті мұңы.
Кел,достар,ән шырқайық,
Ұлыстың ұлы күні-деп,кезекті әнге берейік.
Ән: «Наурыз,біздің жаңа жыл!»
Жүргізуші:
Ойын: «Күш сынасу»
Жүргізуші: Бәрекелді,қане,қонағымызға би билеп берейік.
Би: «Қамажай»
Наурыз айы туғанда,
Жыл келеді бұл маңға.
Не жетеді,достарым,
Ойын ойнап,ән салғанға.
Ән: «Жау,жау,жаңбыр»
Жүргізуші:: Міне осылай жаңа жыл
Тойланады халықта.
Шақырайық бишілерді,
Би билесін қалықтап.
Би: «Қара жорға»
Жүргізуші: «Батамен ел көгерер,елмен жер көгерер»,дегендей
әже өзінізден бата сұрасақ.
Бата: Ұлыстың ұлы күні оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсан жол болсын!
Дастарқаның кең болсын!
Уайым қайғы жоқ болсын! Әумин.
Жүргізуші:Әумин! Осымен Наурыз мерекесіне арналған
«Қош келдің,Наурызым» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.