Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар және балабақша ұжымы! Қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашан сыңғырлаған күлкі тілейміз! Біздің өнерлі бүлдіршіндеріміздің бүгінгі қоштасу кешіне орай дайындаған «Біз бақытты баламыз» және «Қош бол, балабақша!» атты ертеңгілікті ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Кеше ғана балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндер бүгін мектепке дайындалып, мектепалды даярлық топқа атанғалы тұр. Білім кемесіне мініп, білім іздеп, өз өмірлерінің бір асуын артта қалдырмақшы.