Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Даярлы?ым балб?ла?ым" »
Тіл ашар! Даярлығым-балбұлағым!
Зал салтанатты безендірілген , шарлар , гүлдер.
Әріпптер ,сандар , суреттер ілінген.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар , ұстаздар, қонақтар, балалалар! «Даярлығым –балбұлағым!» атты ертеңгілігімізді бастайық.
Кеше ғана кішкентай, көздерінде қорқыныш бар бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып дайындық тобын аяқтап,бірінші сыныпқа қадам басқалы тұр.Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер!
Балалар залға екіден қолдарын бұлғап ,музыкамен кіреді.
Құрметті ата-аналар тобымыздың көркем де сымбатты, инабатты арулары, атақты бишілері, білімді де дарынды балалары өнерлерін көрсетеді.
Әдеби-монтаж:
Жандос Р.: Армысыздар, мұғалімдер қымбатты!
Б іздер үшін ашатын сан жұмбақты.
Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді,
Қылықтарың шәкіртердің тым тәтті,
Қош келіпсіз ,ақ жаулықты аналар
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар!
Мұхамед:
Мен-мектепке барамын!
Мен- халқымның баласы
Мен- елімнің еркесі,
Мен –білімді болашақ азамат
Мен – ертеңгі дана, ғалым ағалар!
Мен –еретеңгі биші әпкелер!
«Топ –топ балақан!»-ән.
Отан –деген атамекен!
Отан –деген туған жер. Есіл
Отан –ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел!
Елтаңбасы елімнің,неткен әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің,ортада аспан әлемі. Ясмина
Құт береке шаңырақ, орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ ,екі жақтан көмкерген.
Рәміздерім елдігімнің белгісі
Білу керек баладағы ең кіші Айым
Рәміздерім Әнұран,Ту, Елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Ән : «Баладырғандар әні»
Өсті міне бойымыз,өсті ақыл ойымыз. Назерке К
Жиналған бүгін бар қауым,құтты болсын тойымыз!
Жетіге толдым биыл мен, оқушы болып киінем.
Арқама сөмке асына, мектепке барам асыға. Жандос К
Іші толған әріпке,жақсы кітап әліппе.
Әліппені аламыз біріншіге барамыз. Айжан
А- дегеніміз ана ғой, ана деген дана ғой. Назерке Е
Б- дегеніміз бала ғой ,жұмсасаң анаң бара ғой.
Ана тілін ардақтап,ата салтын біз көрдік.
Сурет салып ,ән жаттап оқып, жазып үйрендік. Мақпал.
Сүйген өз қыз,өз ұлын, Бөбегім деп аянбай.
Дайындығым өз үйім, апай болды анамдай Арсен
6 жасқа толамыз , әдепті бала боламыз
Қуантып ата-ананы, Біріншіге барамыз! Рамир
Ән « Қощақан»
Әліппені дұрыстап,Түгел танып аламын
Қыркүйекте гүл ұстап, Мен мектепке барамын Нұрислам
Ойыншықты жинаймыз, бөбектерге сыйлаймыз
Өнер, білім үйреткен ,өзіңізді қимаймыз
Біз мектепке барамыз Шолпан
Есте сізді сақтаймыз,еңбегіңізді ақтаймыз
Адам етіп баптаған,ардақтап бізді мақтаған
Апай! Сізге мың алғыс! Карина
Мен кішкентай боламын, Әрі-ақ өсіп толамын
Елін, жерін қорғайтын,Ер аазамат боламын. Ернат
Өлең «Ертегілер»
Мектебім айтар әнім, Сан-рет қайталадым
Өзіңнен алғанымды, Өзіңе қайтарамын Айгерім
Мектеп-қамқор анамыз, оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін, Біріншіге барамыз Бекжан
Оқимыз, білім аламыз, Болащақ жолын саламыз
Даярлық тобымени қоштасып, біз мектепке барамыз Тасқын
Достасып- ақ жүріп ем, енді уақыт өзгеще
Білім қажет бірінен, қолыма гүл аламын
Таң қалдырып достарды, мен мектепке барамын! Серікбол