Жүргізуші: Армысыздар ардақты қонақтар. Сіздерді бүгінгі күзгі бақта өтетін «Алтын күз» мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер!
Өрік, шие, алма, алша
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қияр, қарбыз
Сәбіз қоймаларға түседі
Айтындаршы балалар, бұл қай кезде болады?
Балалар: Күзде
Жүргізуші: Дұрыс балалар, енді мерекеміз қызықты өту үшін ортамызға Күз ханшайымын шақырамыз!
Балалар хормен айтады:
Келші, келші алтын күз
Келші, келші жарқын күз
Мерекені жалғастырып
Ойнап күлші алтын күз.
Музыка әуеніне Күз ханшайымы кіреді.
Күз ханшайымы:
Армысыңдар ма балдырғандар?!
Күзгі бақтағы қонақтар
Өздеріне әкелдім
Күздің сыйын көз тартар
Балалар Күз ханшайыммен бірге ойын ойнайды.
«Саңырауқұлақтар» ойыны. Ортаға екі бала шығады. Ойынның шарты: кім тез және жылдам жапырақтардың арасынан саңырауқұлақтарды жинап алады.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар. Саңырауқұлақтарды жинау білед екенсіңдер.
Жүргізуші: «Жұмбақтар»
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары (Жапырақтар)
Жезге ұқсас сабағы,
Дәні – халық тамағы (Бидай)
Өз қалпағын жасынан
Тастамайды басынан (Саңырауқұлақ)
Бақшадан жер қазып,
Жиып алдым жер қазық (Сәбіз)
Өсі суда өседі
Суға қайнап піседі (Күріш)
Балалар тақпақтарын айтады.
Балалар өлең айтады: «Біз себеттер аламыз»
Жүргізуші: «Картоп ойыны» Ортаға 6 бала шығады. Екі топқа бөлінеді. Ойын шарты: кім тез картопты отырғызады және жинап алады.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, мерекелеріңіз жақсы өтті. Көптен көп рахмет сендерге. Мен сендерге әкелген сыйлықты Гульмира тәтелеріне берем, ол сендерге топта береді.
Жүргізуші:
Күзгі бақтағы қонақтар
Айналайын балалар
Мерекеміз бүгінгі
Естен кетпес күн болды
Бақыт тілеп бәрімізге
Сау болыңыздар деп
Аман – саулық тілеп
Мерекені аяқтайық!!
Осымен Алтын күз мерекесін аяқтаймыз! Тыңдағандарыңызға рахмет!!