Просмотр содержимого документа
«Ж?рек ?ан тамырлар ж?йесі »
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі
Қарағожина Кенжегүл Гапуринқызы
Химия-биология пәні мұғалімі
Санаты: 1
Жүрек қан тамырлар жүйесі
Мақсаты:Білімділік: Оқушылардың қанайналым мүшелері, жүректің жұмыс істеу кезеңдері, үзіліс,жүрек автоматиясы туралы алған білімдерін қайталау,бекіту және тексеру.
Дамытушылық: Ағзадағы қан айналу жүйесімен биологиялық заңдылықтарды өмірімен байланыстыра отырып,оқушылардың танымдық ой өрісін,іс-әрекетін дарындылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың диалектикалық материалистік көзқарастарын қалыптастыру. Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу. Семитарлық-гигиеналық дағдыларын, салауатты өмір сүру әдеттерін тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім тексеру сабағы
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Әдістері: СТО элементтерін пайдалану, демонстрациялау, тест, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Техникалық құралдар,
компьютер, проектор, кестелер
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
І. Ой қозғау (Нені білеміз?)
Миға шабуыл
Адам денесінде неше литр қан бар?
Қанның формалық элементтерін ата?
Гемофилия қандай ауру?
Қанайналу арқылы қандай қызмет жүзеге асады?
Қанның негізгі мүшесі?
Капиллярлар дегеніміз не?
Жүрек неше бөлікті?
Жүрек автоматизмі дегеніміз не?
Артериялық қысым дегеніміз не?
Тамырдың соғуы дегеніміз не?
Қан қанша уақытта қан айналымның екі шеңберін ағып өтеді?
Қан айналудың орталық мүшесі?
2. Жасырын терминдер
Эритроциттер гематолог гипертония
Агглютинация тромбоциттер анемия
Кардиолог иммунология У. Гервей
3. Сызбаны толтыр
Қан тамырлар
Жүрек
Жүрек
ІІ. Іздену. (Нені білгіміз келеді?)
Биологиялық диктант
1.Жүректі дәнекер ұлпасынан тұратын ...... қаптап тұрады.
2. Жүрек клеткаларындағы ...... организмнің белсенді жағдайына байланысты.
3. Жүрек жұмысын ...... әдісімен зерттейді.
4. Құлақша мен қарынша арасындағы ашылып-жабылып тұратын арнайы бөлім ....... деп аталады.
5. Ересек адамның жүрегі минутына ....... рет жиырылып,босаңсиды.
6. Жүрек жүйке сияқты ........ көп мөлшерде қажет етеді.
2. Жүрек туралы не білеміз?
Әр топ өзінің зерттейтін ауруларына сипаттама береді.
Кардиологтар тобы
Терапевтер тобы
Гематологтар тобы
1.Кардиологтар тобы
Жүректің жалпы құрылысы
Жүрек аурулары- жүрек қызметін бұзатын жүрек пен одан шығатын қантамыры құрылысындағы ақаулар. Жүрек инфарктісі-жүрек бұлшық бұлшықетінің жансыздануы әсерінен болатын жүрек жұмысының бұзылуы.
Алдын алу шаралары
Жеке бас гигенасы, күн тәртібін сақтау
Тиімді тамақтану
Зиянды әдеттерден аулақ болу
Денені шынықтыру.Шынықпаған ағза әлсіз тез шаршайды.
Көбірек қозғалу. Қозғалыстың негізі-бұлшықеттердің жиырылуы.
Жүрек кемістігі-жүрек қақпақшаларының зақымдануынан болады. Туа пайда болған,жүре пайда болған.
2. Терапевтер тобы
Қан қысымының өзгеруінен болатын аурулар. Гипертония-қан қысымы жоғарылағанда болады.Қан қысымы төмен ауру-гипотония. Тонометрмен таныстырады.
3.Гематологтар тобы
Анемия – қан аздық
Ақ қандылық-лейкемия-лейкоциттердің тез көбейіп қан ағымын толтырып жіберуі.
Гемофилия - қан тоқтамайтын ауру.
Қан кету түрлері:
Артериялық қан кету-алқызыл түсті қан атқылап ағады.
Веноздық қан кету-қою қызыл түсті қан.
Капиллярлық қан кету- жарақаттан қан тамшылары бөлінеді. Артерияның қан кетуді тоқтату әдісі,жгут салу.