|  САБАҚ:7.1D Жасушалық биология |  №24 лицей | 
  |  Күні: |  Мұғалімнің аты-жөні: Шабанова А.А | 
  |  СЫНЫП: 7 |  Қатысқан оқушылар саны:   |  Қатысқан оқушылар саны:   | 
  |  Сабақ тақырыбы |  Өсімдік және жануар жасушаларының құрылысы  (Жаңа білімді меңгеру) | 
  | Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты | Өсімдік және жануар жасушаларын ажырату | 
  | Сабақ мақсаты   | Өсімдік және жануар жасушаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау | 
  | Бағалау критерийлері | Өсімдік пен жануар жасушаларының құрамбөліктерін анықтайды.   Жасушаның құрамбөліктерінің ерекшеліктерін сипаттайды. Өсімдік және жануар жасушаларын салыстырады.   | 
  | Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Өсімдік және жануар жасушаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ауызша және жазбаша түсіндіре алады. 
 Пәндік лексика мен терминология: цитоплазма, мембрана, хлоропласт, вакуоль, ядро, жасуша қабырғасы.   
 Диалог/жазу үшін пайдалы бірқатар үзінділер Сіздің ойыңызша, бұл қандай жасуша?   Не себепті Сіз бұл өсімдік/жануар жасушасы деп ойлайсыз? | 
  |  Құндылықтардыдарыту | Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік: Құрмет: Ынтымақтастық: Ашықтық:  Еңбек және шығармашылық:   | 
  |  Пәнаралықбайланыстар | Жасушаның құрамбөліктерінің қызметін сипаттауда және физикалық қасиеттерін түсіндіру кезінде физика пәнінен алған білімдерін қолданады. | 
  |  АКТ қолдану дағдылары   | Өсімдік пен жануар жасушалары ерекшеліктері туралы қосымша ақпарат іздеуде қолданады. | 
  | Бастапқы білім   | 7-сыныптың «Тірі ағзалардың алуан түрлілігі» бөлімінен тірі ағзалардың біржасушалылар және көпжасушалыларға жіктелетіндігін біледі, 5-6 сыныптардан тірі ағзаларға тән ортақ қасиеттері мен жасуша туралы біледі. | 
  | Сабақ барысы | 
  | Сабақтың жоспарланғанкезеңдері |  Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет   
 | Ресурстар 
 | 
  | Сабақтың басы 0-5 минут 
 | (ТЖ) Жағдаятты сұрақ қою.   Өсімдік және жануар жасушалары бірдей ме? Олардың әртүрлі болуының себептері неде деп ойлайсыз? | презентация   | 
  | Сабақтың ортасы   минут 6-15 минут 
 16-32 минут 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 33-36 минут | 
 (ЖЖ) Өсімдік және жасушаларының суретін көрсету. Жасушаның құрамбөліктерін атап, айырмашылықтарын анықтау.   
 (ЖЖ) (М) Оқушыларғақолда бар құралдардан жасушаның моделін жасауды ұсыну.   Бұл модель болуы мүмкін:   • аппликация; • 3D модель; 
 (ЖЖ) Оқушылардан жасуша моделін қолданып, әрбір жасушаның құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіруді сұрау.   
 (Ж) Өсімдік және жануар жасушаларындағы құрам бөліктерді анықтап, «˅» таңбасын қою арқылы, ұқсастық және айырмашылықтарын табу.        | Жасушаның құрамбөліктері | Өсімдік жасушасы | Жануар жасушасы   |   | Жасуша мембранасы   | 
 | 
 |   | Жасуша қабырғасы   | 
 | 
 |   | Цитоплазма | 
 | 
 |   | Вакуоль | 
 | 
 |   | Ядро   | 
 | 
 |   | Хлоропласт   | 
 | 
 |  
 (Ж) Жасушаның құрамбөліктерініңсипаттамалары мен қызметтері жазылған парақшаны тарату. Жасушаның органоидтарын анықтау.  Жасуша мембранасыЖасуша қабырғасыЦитоплазма  Нағыз вакуоль  Ядро  Хлоропласт        | № | Жасушаның бөліктерінің сипаттамалары   | Атқаратын қызметтері   |   | 1 | Өсімдік және жануар жасушасының сыртын қаптайды   | Жасушаның ішкі құрам- бөліктерін қорғайды   |   | 2 | Өсімдік мембранасының сыртынан қоршайды | Өсімдік жасушасының пішінін тұрақты сақтайды |   | 3 | Жасушаның ішкі ортасы, қоймалжың сұйықтық | Жасушаның құрамбөліктерінің өзара байланысын орнатады |   | 4 | Тек өсімдік жасушасында кездеседі. Іші сұйықтыққа толы | Суды қорға жинайды   |   | 5 | Эукариотты жасушаларда болады | Генетикалық ақпарат орналасқан |   | 6 | Жасыл түсті, сопақша пішінді | Фотосинтез жүреді |  
 | РРТ   
 
 контейнерлер, ермексаз, желе, жұмыртқа тәрізді контейнерлер, моншақтар   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 | 
  | Сабақтың соңы  37-42 минут  
 
  
 
  43-45 минут | (ҚБ)Сызбада жануар мен өсімдік жасушалары көрсетілген. Тор көздерге белгіленген ортақ құрылымдардың атауларын жазу.   Тек ғана өсімдік жасушасына тән екі құрылымды суретте белгілеп, атауларын жазу 
 Өсімдікті жануар жасушасынан қалай ажыратамыз? 
 | 
 
 
 
 | 
  |  Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?   |  Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?   |  Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы 
 
 
 
 | 
  |  Қызығушылығы жоғары оқушыларға Венн диаграммасы арқылы өсімдік және жануар жасушаларын салыстыру тапсырмасы беріледі.  Кейбір оқушыларға жасуша құрамбөліктерінің суреттерін салу тапсырмасын беруге болады. |   Сұраққа жауап беру; Суреттерді пайдалана отырып, жасушаларды салыстыру; Жасушаның құрамбөліктерінің ерекшеліктерін өсімдік және жануар жасушаларын моделдеу кезінде сипаттау; Өсімдік және жануар жасушаларының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау кезінде білу мен түсіну дағдылары тексеріледі.   Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырманы орындау кезінде қорытынды бағалау жүргізіледі. Сабақ соңында кері байланыс орнатылады. |  Жасушаны моделдеуде дымқыл сүрткіш және үлгіге арналған тақтайша беріледі. Модельдеу барысында оқушылар орын ауыстырып, қозғалады. | 
  |  Сабақ бойынша рефлексия    
  Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?    Жеткізбесе, неліктен?    Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?    Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?    Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?   |  Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.   | 
  |  
 
 | 
  |  Жалпы баға    
  
  Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?  1:  
  2:  
  Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?  1:    
  2:  
  Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?  
 
 |