1. Оқушыларды өз ана тілінде таза сөйлеуге үйрету, ұлы ғалымдар ілімін дәріптеуге дағдыландыру.
2. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой - өрісін кеңейту, дамыту.
3.Жас ұрпақты елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: Карточкалар,суреттер, тірек – сызба нұсқалар, кеспе қағаздар, нақыл сөздер, ұлы адамдар айтқан ұлағатты сөздер, кітап көрмесі.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Музыка ойнап тұрады.
1-жүргізуші: Ассалаумағаликум, халқым менің! Жайнаған жүрегімде жарқыл ма едің?! Тірлігің өз халқыңа жаңа тиді, Ендігі елдігіңнен тартынба, елім. Ұшырмай көкіректен жыр кептерін, Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін? Армысың, жиналған топ, үлкен, кіші. Армысың, айналайын халқым менің!
2-жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік таңы» атты сынып сағатын бастауға рухсат етіңіздер. Міне бүгінде тәуелсіз ел атанғанымызға 25 жыл толып отыр. 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ елінің азаттық көктемі үшін, солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп, құрбан болған ұлдарымыз мен қыздарымыз жайлы сыр шертпекпіз. Ол оқиғаны ешбір қазақ азаматы ұмытуға тиіс емес.
2-жүргізуші: Бұл Тәуелсіздік шежіресі – қазақ тарихының ешқашан көнермейтін де көкейден кетпейтін де, жадымыздан жойылмайтын да, жоғалмайтын асыл ақиқатының анығы мен қанығы болып қала бермек. Ендеше ғасырлар бойы бабаларымыз аңсап, армандап өткен тәуелсіздіктің тұғырын – мызғымас берік, азаттықтың ақ туын еңкейтпей биік ұстау бүгінгі жас ұрпақтың мойнына жүктелген үлкен міндет! Естімейік енді елдің жылағанын,
1-жүргізуші: 8-сынып қыздарының орындауында би.
2-жүргізуші: Қақарман Айботаның орындауында Ән.
1-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы! Аз ғана уақытта әлем назарын аударған толқу күштеп басылғанымен, оның мәні мен маңызы енді еш уақытта өшпейді. өйткені азаттық аңсаған, теңдікті талап еткен ел есінде де ол мәңгі қалады. Ауыз аштырмауға тырысқан Коммунистік партияның лаңы ары таза, бүтін бір халыққа күйе болып жағыла жаздады. Алайда, уақыт әділ сыншы екен. Өзі көрсеткендей ақ пен қараның ара жігі ажыратылды. Сөйтіп, біз өзімізді ақтадық. Бұл да ерлік. Желтоқсан қозғалысының ақ – қарасын айыруға ат салысқан азамат ақын Мұхтар Шаханов еді. Халықтық қолдау арқасында желтоқсан құрбындарына арнап ескерткіштер ашылып, көшелерге арттарын беріп, құрмет көрсетіліп жатыр. Желтоқсан қозғалысында жазушылар, әншілер, композиторлар да өз наразылықтарын білдіріп, қасиетті қазағының намысын қорғады.
2-жүргізуші:
Міне, балалар, Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің жалауымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Сендер Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар. Егеменді Қазақстанымыз тәуелсіздік алғанына биыл 25 жыл толып отыр. Бұл елеулі мереке. Осы мерекені жақсы оқумен, үлгілі тәртіппен қарсы алайық! Өз еліміз бен жерімізді көркейтіп, Қазақстаннның намысын қорғайтын келешек ұрпақ- сендерсіңдер. Сәт сапар!
1-жүргізуші: Тәрбие сағатымызды Ерсүлтанның орындауындаға әнмен аяқтаймыз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.