Тыныс алу м?шелеріні? ауруларында мейірбике ж?мысыны? ерекшеліктері
Мейірбике дем алу а?заларыны? ауырлауында?ы негізгі ша?ымдары мен симптонымдарын, ауруды? басталуы мен дамуын білу керек, ?кпе ауруларыны? емдеу ?а?идаларын, нау?астарды к?ту жане ба?ылау ерекшнліктерін білу керек.?кпе ауруларымен ауыратын адамдар жиі дем алу а?заларыны? функцияларыны? б?зылыстарымен байланысты м?селелермен кездеседі.
Олар ентігеді, жиі дем шы?ара алмай ?иналады,??р?а? немесе ?рт?рлі ?а?ыры?ты ж?тел мазалайды,ж?телгенде, т?шкіргенде к?шейетін кеуде ?уысыны? ауырсынуы, ?ан т?кіру кездеседі.Сонымен ?атар уыттану белгілері бай?алады:?лсіздік,нем??райлы?,басты? ауруы,дене ?ызуыны? к?терілуі,т?бетіні? т?мендеуі ж?не та?ы бас?а.?кпені? ірі?ді ауруларымен ауыратын нау?астарда к?п м?лшерде жа?ымсыз иісті ?а?ыры? б?лінуі м?мкін,сол себепті ?зін ы??айсыз сезініп ?ялуы м?мкін.
Нау?астар тітіркенгіш,?оз?ыш,?обалжы?ыш болады.мейірбике нау?асты? жа?дайын т?сініп о?ан ?ажеті к?мек к?рсету керек. Мейірбике жедел дем жетіспеушілігіні? белгілерін білу керек:экспираторлы? ентігу,мазасызды?,к?п с?йлегіштік, ?оз?ышты?, диффузды цианоз. Ауыр жа?дайда нау?ас біртіндеп есін жо?алтып кома?а ауысады.Тахикардия,?ан ?ысымы біресе к?теріліп,содан кейін т?мендейтіні бай?алады.
Нау?асты? жиі кездесетін міселесі ентігуде немесе кеуде ?уысында ауру пайда бол?анда ауруды азайтатын ы??айлы жа?дайды білмеу,т?ншы?уда?ы ?лім ?ор?ынышы,ингалятормен жане т?кіргішті ?олдана алмауымен байланысты,сонымен ?атар темекі тартудан бас тарта алмауы.Бар м?ліметтерді пайдалана отырып,мейірбике алдына ?ой?ан ма?саттарын жоспарлайды. Ж?мыс жоспарын ??ра отырып,мейірбике пациентпен бірігіп ?рбір м?селені? ма?саттары мен н?тижесіне жету ж?не мейірбикені? сол іске араласу к?лемін аны?тайды.Ж?мыс ма?саты міндетті т?рде тек ?ана на?ты нау?ас?а ?ана ба?ыттал?ан болу керек.
Нау?асты к?туді? жоспарын ??р?анда пациент ?андай н?тижеге жеткісі келетіні? аны?тап алу керек. Пациентті? м?селерерін шешуге ба?ыттал?ан медбикені? ?андай да бір араласуын ж?зеге асыру алдында мейірбике оларды нау?ас?а айтып беріп ж?не оларды не ?шін орындау керек екенін т?сіндіру керек. Тез арада орындалатын ма?саттар: пациент ж?телді? себебін біледі,позициялы? дренаж ж?зеге алады, шылым шегуін ?ояды ж?не т. б. Б?л ма?саттарды ж?зеге асыру ?шін мейірбике келесі істерді ат?арады.
Т?уелді мейірбикелік араласулар:дер кезінде д?рілік ем ж?ргізеді,ем ж?ргізіп,оны? тиімділігін ба?алап,д?рігерге д?ріні? ?осымша ?серлері туралы хабарлайды.Д?рігерді? та?айындауы бойынша мейірбике ентігуді азайтады,?а?ыры?ты? б?лінуін жа?сарту ?шін оттегі беріп,бронхолитикті ингаляция ж?ргізеді.
Т?уелсіз мейірбикелік араласулар:б?л ?мірге ма?ызды функцияларды ?ткізіп жане медициналы? ??жаттарды толтырады.Мейірбике нау?асты? жалпы жа?дайымен т?сектегі ?алпын ба?ылып, тері ?атпарларыны? т?сін,дем алуын,ж?телін,?а?ыры?ын белгілейді,термометрия ж?ргізеді. Мейірбике пациентке ауруыны? дамуы барысы жайлы, клиникалы? белгілері,емдеу принциптері мен болуы м?мкін ас?ынулары жайлы хабарлап отыру керек.Мейірбике ?рбір ауруларда?ы к?тім ерекшеліктерін білу керек.Мысалы:бронхоэктаз ауруы бар нау?асты? т?сектегі жа?дайы біршама ерекше,т?секті? ая? жа?ы 20-30 см к?терілген болуы тиіс. М?ндай жа?дай бронхоэктаздарда жинал?ан ?а?ыры?ты? жа?сы шы?уына ?сер етеді- б?ны позициялы? дренаж деп атайды.Оны м?мкіндігінше та?ерте? дем жатты?уларынан кейін жане кешке ?й?ыны? алдында 15-20минут бойы жасау керек.
Мейірбике нау?ас?а ?а?ыры?ты? д?рыс шы?уы ?шін ж?телу т?сіліне, т?ншы?у ?стамасы кезінде ?зіне- ?зі к?мек беру ?дістеріне,ингалятормен ?олдану т?сілін ?йрету керек. ?кпені? ірі?ді ауруларын к?те ж?ріп,мейірбике нау?асты ?а?ыры?ын аузы жабылатын ыдыс?а жинауын ?йрету керек,?йткені ?а?ыры?та патогенді микрофлора к?п болады. Бір- бірімен байланысып ж?мыс істеу мейірбике нау?асты физиотерапевтік емшара?а дайындап,ж?ргізуде к?мектеседі. Мейірбике нау?ас?а б?л ?ол ?рекеттеріні? ма?сатын т?сіндіріп,оны? жузеге асыру?а келісімін алу керек.Со?ынан мейірбикені? ?атысуымен бол?ан шараларды? н?тижелерін ба?алайды.Егер алды?а ?ой?ан ма?сат?а жетпесе немесе толы? орындалма?ан жа?дайда,онда мейірбикені? іс ?рекетіні? жоспары ?айтадан ??рылу тиіс.
?за? уа?ыт?а ба?ыттал?ан м?мкіншілік ма?саттар:пациент ж?телу,ентігу кезінде ?зіне ы??айлы жа?дай жасай алады;пациент ж?телді? ерекшеліктерін біледі;пациент демдік гимнастикасын жасай алады; пациент ?зіне пазициялы? дренажды ?ткізе алады.
Просмотр содержимого документа
«Тыныс алу ?рдіс. »
Тыныс алу мүшелерінің ауруларында мейірбике жұмысының ерекшеліктері
Мейірбике дем алу ағзаларының ауырлауындағы негізгі шағымдары мен симптонымдарын, аурудың басталуы мен дамуын білу керек, өкпе ауруларының емдеу қағидаларын, науқастарды күту жане бақылау ерекшнліктерін білу керек.Өкпе ауруларымен ауыратын адамдар жиі дем алу ағзаларының функцияларының бұзылыстарымен байланысты мәселелермен кездеседі.
Олар ентігеді, жиі дем шығара алмай қиналады,құрғақ немесе әртүрлі қақырықты жөтел мазалайды,жөтелгенде, түшкіргенде күшейетін кеуде қуысының ауырсынуы, қан түкіру кездеседі.Сонымен қатар уыттану белгілері байқалады:әлсіздік,немқұрайлық,бастың ауруы,дене қызуының көтерілуі,тәбетінің төмендеуі және тағы басқа.Өкпенің іріңді ауруларымен ауыратын науқастарда көп мөлшерде жағымсыз иісті қақырық бөлінуі мүмкін,сол себепті өзін ыңғайсыз сезініп ұялуы мүмкін.
Науқастар тітіркенгіш,қозғыш,қобалжығыш болады.мейірбике науқастың жағдайын түсініп оған қажеті көмек көрсету керек. Мейірбике жедел дем жетіспеушілігінің белгілерін білу керек:экспираторлық ентігу,мазасыздық,көп сөйлегіштік, қозғыштық, диффузды цианоз. Ауыр жағдайда науқас біртіндеп есін жоғалтып комаға ауысады.Тахикардия,қан қысымы біресе көтеріліп,содан кейін төмендейтіні байқалады.
Науқастың жиі кездесетін міселесі ентігуде немесе кеуде қуысында ауру пайда болғанда ауруды азайтатын ыңғайлы жағдайды білмеу,тұншығудағы өлім қорқынышы,ингалятормен жане түкіргішті қолдана алмауымен байланысты,сонымен қатар темекі тартудан бас тарта алмауы.Бар мәліметтерді пайдалана отырып,мейірбике алдына қойған мақсаттарын жоспарлайды. Жұмыс жоспарын құра отырып,мейірбике пациентпен бірігіп әрбір мәселенің мақсаттары мен нәтижесіне жету және мейірбикенің сол іске араласу көлемін анықтайды.Жұмыс мақсаты міндетті түрде тек қана нақты науқасқа ғана бағытталған болу керек.
Науқасты күтудің жоспарын құрғанда пациент қандай нәтижеге жеткісі келетінің анықтап алу керек. Пациенттің мәселерерін шешуге бағытталған медбикенің қандай да бір араласуын жүзеге асыру алдында мейірбике оларды науқасқа айтып беріп және оларды не үшін орындау керек екенін түсіндіру керек. Тез арада орындалатын мақсаттар: пациент жөтелдің себебін біледі,позициялық дренаж жүзеге алады, шылым шегуін қояды және т. б. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін мейірбике келесі істерді атқарады.
Тәуелді мейірбикелік араласулар:дер кезінде дәрілік ем жүргізеді,ем жүргізіп,оның тиімділігін бағалап,дәрігерге дәрінің қосымша әсерлері туралы хабарлайды.Дәрігердің тағайындауы бойынша мейірбике ентігуді азайтады,қақырықтың бөлінуін жақсарту үшін оттегі беріп,бронхолитикті ингаляция жүргізеді.
Тәуелсіз мейірбикелік араласулар:бұл өмірге маңызды функцияларды өткізіп жане медициналық құжаттарды толтырады.Мейірбике науқастың жалпы жағдайымен төсектегі қалпын бақылып, тері қатпарларының түсін,дем алуын,жөтелін,қақырығын белгілейді,термометрия жүргізеді. Мейірбике пациентке ауруының дамуы барысы жайлы, клиникалық белгілері,емдеу принциптері мен болуы мүмкін асқынулары жайлы хабарлап отыру керек.Мейірбике әрбір аурулардағы күтім ерекшеліктерін білу керек.Мысалы:бронхоэктаз ауруы бар науқастың төсектегі жағдайы біршама ерекше,төсектің аяқ жағы 20-30 см көтерілген болуы тиіс. Мұндай жағдай бронхоэктаздарда жиналған қақырықтың жақсы шығуына әсер етеді- бұны позициялық дренаж деп атайды.Оны мүмкіндігінше таңертең дем жаттығуларынан кейін жане кешке ұйқының алдында 15-20минут бойы жасау керек.
Мейірбике науқасқа қақырықтың дұрыс шығуы үшін жөтелу тәсіліне, тұншығу ұстамасы кезінде өзіне- өзі көмек беру әдістеріне,ингалятормен қолдану тәсілін үйрету керек. Өкпенің іріңді ауруларын күте жүріп,мейірбике науқасты қақырығын аузы жабылатын ыдысқа жинауын үйрету керек,өйткені қақырықта патогенді микрофлора көп болады. Бір- бірімен байланысып жұмыс істеу мейірбике науқасты физиотерапевтік емшараға дайындап,жүргізуде көмектеседі. Мейірбике науқасқа бұл қол әрекеттерінің мақсатын түсіндіріп,оның жузеге асыруға келісімін алу керек.Соңынан мейірбикенің қатысуымен болған шаралардың нәтижелерін бағалайды.Егер алдыға қойған мақсатқа жетпесе немесе толық орындалмаған жағдайда,онда мейірбикенің іс әрекетінің жоспары қайтадан құрылу тиіс.
АМСК- гі мейірбике жұмысының негізінін бірі- педагогикалық аспектіде жұмыс істеу, ауруларды алдын алу.Мейірбике науқасты,оның туыстарын күтім шараларына үйретіп,қауіпті мәмбірлерді жойып,ағзаның физиологиялық жағдайын күшейту,ағзаны шынықтыру тәсілдерін үйрету керек.Төменде осы педагогикалық жұмыстың негіздері беріліп отыр.
Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейірбикелік үрдіс:
Кезең. Пациенттің мәселелерің табу. Пациенттің нақты мәселелері:жөтел (құрғақ немесе қақырықты) экспираторлы;кеуде қуысының аурулары;өкпеден қан кету,дене қызуының көтерілуі; кейбір манипуляциялардың алдында қорқыныш сезімінің білінуі( бронхоскопия,бронхография).
Пациентте болуы мүмкін мәcелелер; қайталамалы ұстамадан қорқуы ;
Тұншығудың әсерінен өлімге деген қорқыныш сезімінің пайда болуы; жөтелдің бұзылуы; қауіп қатер асқынулардың дамуы; жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі.
ІІ. Кезең.Мейірбикелік диагнозын қою.Дем алу функциясының бұзылуымен Байланысты барлық нақты және болуы мүмкін мәселелер.
ІІІ.кезең. күтімді жоспарлау.Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:тұншығуды басу; өкпе қансырауын тоқтату;жөтелді басу;қақырықтың бөлінуін жақсарту;
Ұзақ уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:пациент жөтелу,ентігу кезінде өзіне ыңғайлы жағдай жасай алады;пациент жөтелдің ерекшеліктерін біледі;пациент демдік гимнастикасын жасай алады; пациент өзіне пазициялық дренажды өткізе алады.
ІV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру. Мейірбикенің жұмыстары: тәуелді -дәрігердің нұсқауын орындау,зертханалық жане құрал -жабдықтар арқылы тексерістерге қатысу;тәуелсіз- науқастың жағдайын қадағалау, жүрек жане тамыр соғуын санау,қан қысымын,дене қызуын өлшеу,оттегі мен қамтамасыз ету;бір біріне тәуелділік қатынас -науқастың жазылуына психологиялық күйде бағыттау,қолданған емнің әсерлілігінбағалау.
V Кезең. Мейірбике күтімінің нәтижесін бағалау.Күтім ерекшеліктерін жоспарлап жане алға қойған мақсаттарды салыстыру.
Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейірбикелік кірісулердің үлгілері:
Пациенттің
мәселесі
Мәселені шешу
Мақсатымен жоспар
құру(қысқа және ұзақ
мерзімге бағытталған)
Мейірбикелік кірісулер
Тәуелсіз
Тәуелді
Жөтел
Ыңғайлы жағдай көрсету.
Рефлекторлық түрде жөтелді басу.
Пациенттің жағдайын қадағалау.
Педогогикалық аспектіде жұмыс істеу.
Пациент өзін-өзі күтіп,жеке бас гигиенасын сақтай алады.
Шұғыл өзі көмек көрсетеді.
1. Мейірбике науқасқа біріншіден,ыңғайлы жағдай көрсетуі қажет,яғни,Фаулер жағдйын жасау.
Жөтелді басып,қақырықты сыртқа шығаратын шөп тұнбалар, дәрі-дәрмектер дәрігердің нұсқауы бойынша береді.Мысалы: мукалтин,линкас,бромгексин,доктормом т.б.
Мейірбике пациентті әр түрлі зертханалық және аспаптық тексерістерге дайындайды.
Дәрігердің нұсқауы бойынша пациентті дем жаттығуларына үйретеді.
Кеуде қуысының ауырсынуы
Ыңғайлы жағдай көрсету.
Кеуде қусының ауырсынуын рефректорлық түрде басу.
Дәрігердің нұсқауларын орындау.
Педогогикалық аспектіде жұмыс істеу.
Пациенттің функционалды жағдайын бағалау.
1. Кеуде ауырсынуын басу мақсатымен науқасты ауырған жаққа қарай жатқызу(кеуде торшасының қозғалысын шектеу мақсатымен)
2.Пациенттің жағдайын қадағалау:
-дене қызуын өлшеу;
-қан қысымын өлшеу;
-тамыр соғысын анықтау.
Қабынуды, жөтелді басатын ем жүргізу,яғни дәрігердің нұсқауы бойынша мейірбике науқасқа дәрі-дәрмектер береді.
Кеуде қуысына басып тұратын байлам салады(кеуде торшасының қозғалысын шектеу мақсатмен)
Мейірбике пациенттің физио емін алуына жағдай туғызады.
Ентігу
Ыңғайлы жағдай көрсету.
Рефлекторлық түрде ентігуді басу.
Пациенттің жағдацын қадағалау.
Педогогикалық аспектіде жұмыс істеу
Ентігуде пациент өзіне-өзі көмек көрсете алады.
1. Ортопноз жағдайын жасау(қолые тізесіне тіреп,аяғын төмен түсіру).
2. Қысып тұрған киімді босату.
3. Таза ауа жіберу.
4. Ингалятор қолдану.
5. Оттегі беру:жастықша немесе Бобров аппараты арқылы.
6. Қақырық тастаған жағдайда,оны зарарсыздандыру.
7. Ентігуде пациент өз-өзіне көмек көрсете білу керек.
8. Дәрігер келгенше мейірбике пациенттің функционалды жағдайын қадағалап отырады:демін санау,қан қысымын өлшеу,тамыр соғысын анықтау т.б.
Дәрігердің нұсқауы бойынша бронх тармақтарын кеңейтетін дәрілер қолданады: көк тамырға 2,4 % зуфиллин ер-ін егеді,теофедрин т.б.
Ауыр түрде жоғарыда айтылған шаралар әсер етпегенде,система арқылы көк тамырға гормон препаратын енгізеді.
Дем ала алмаған жағдайда реанимация бөліміне жеткізіп,жасанды дем алдырады.
Барокамера қолдануға болады.
Өкпеден қан кету
Ыңғайлы жағдай көрсету.
Қанды рефлекторлық түрде тоқтату шараларын қолдану.
Науқастың функционалды жағдайын бағалау.
Педогогикалық аспектде жұмыс жүргізу.
1. Дәрігерді шақыру.
2. Психикалық және физикалық тыныштық сақтау.
Ыстық тамақ немесе сусын ішкізбеу;
Сөйлестірмеу және қимылдатпау.
3. Егерде науқас өзі отыра алса кеудесіне салфетка төсеп қолына түкіргіш береді.Егер науқас төсек тартып жатса,басын бұрып,лоток қояды.
4. Қанмен тұншығып қалмас үшін,мезгіл-мезгіл құсық қалдықтарын тазалап отырады.
5. Рефлекторлық түрде қансарысуды тоқтату мақсатымен кеудесіне мұзды мұйық қояды.