Күтілетін нәтиже: Фотосинтез. Фотосинтездің сатылары туралы оқушылар айтып бере алады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Тест сұрақтары:
1.Ядросыз ағзалар қалай аталады?
А) Эукариоттар
Ә) Прокариоттар
Б) Бөлінбейтін ағзалар
В) Гетеротрофты ағзалар
2. Ядро мембранасы қай органоидпен жанасып жатады?
А) Митохондрия
Ә) Гольджи жиынтығы
Б) Эндоплазмалық тор
В) Лизосома
3. Омыртқалы жануарлардың қай мүшесінің жасушалары көп ядро болады?
А) Өкпе, қолқа
Ә) Бауыр, сүйек
Б) Қан, тері
В) Жүйке, ішек
4. Дрозофила шыбынының хромосома саны?
А) 23
Ә) 16
Б) 8
В) 12
5. Көбеюге қатысатын органоид
А) Ярошық
Ә) Рибосома
Б) Ядро
В) Гольджи жиынтығы
6. ДНҚ-ның жіпшелерінен тұратын ядроның бөлігі
А) Ядро шырыны
Ә) Ядрошық
Б) Хромосома
В) Ядро қабықшасы
7. Хромосома неше буыннан тұрады және бірінші буынын не деп атайды?
А) 3 буыннан центрлі буын
Ә) 2 буыннан цетромералы
Б) 4 буыннан центрифугалы
В) буыны жоқ
8. Центрмера хромосоманың ортасынан сәл оңға немесе солға қарай орналасса, оны қалай атаймыз?
А) Акроцентрлі хромосома
Ә) Субметацентрлі хромосома
Б) Метацентрлі хромосома
В) Спутникті хромосома
9. Адам жасушасында қанша жұп хромосома болады?
А) 20 жұп
Ә) 18 жұп
Б) 22 жұп
В) 23 жұп
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Фотосинтезді зерттеу барысындағы ең басты мәселелердің бірі — осы процестің өсімдіктердің жасыл жапырақтарында жүзеге асуы құбылысын ашу. Бұл сұраққа нақты жауап берген неміс ғалымы Т.В.Энгельман болды. Ол фотосинтез процесінің хлоропластарда жүретінін дәлелдеу үшін жасушаның әр түрлі бөліктерін кішкене сәуле шоқтарымен жарықтандыруға болатын микроскоп құрастырды. Жасушаның жеке бөліктерін жарықтандыра отырып, оның қай бөлігінің фотосинтезге кабілетті екенін зерттеді. Сөйтіп, ол жасушаның қай бөлігі фотосинтез процесі үшін жарық қабылдағышы бола алатынын дәлелдеді. Фотосинтездік белсенділікке талдау жасау үшін ол тек анаэробты жағдайды ғана талдап алды. Ол үшін қозғала алатын және оттектің концентрациясы жоғары болатын аймақ бағытына қарай жылжитын бактерияларды қолданды. Сонда Т.В.Энгельман бактериялардың жасушаның жарық түскен хлоропластарына жылжитынын басқа жарық түскен органоидтеріне жылжымайтынын байқаған. Бұдан Энгельман: "Хлоропластаржасушалары оттек орталығы болып табылады және фотосинтез процесі нәтижесінде оттек бөлінеді" деген тұжырым жасаған. Сонымен фотосинтез процесі кезіндегі жарықтың сіңірілуі мен оттектің бөлінуі тек хлоропластарда жүретіні анықталды.
ІV. Бекіту.
Семантикалық карта.
Жарық, ылғал мөлшері, қоршаған ауа темпиратурасымен анықталмайды -
Күн жарығының энергиясы Атф энергиясына өзгереді +
Нәтижесінде оттегі, сутегі, АТФ алынады +
Хлоропластың стромасында жүрмейді -
Хлоропласт ферменттерінің өршіткілігімен жүретін жүйелі реакция +
Хлоропласт мөлшері, хлорофил саны мен типі, жапырақ мөлшері,пішіні, орналасуымен айқындалмайды-
V. Үйге тапсырма беру. Фотосинтез. Фотосинтездің сатылары.
VІ. Рефлексия. СМС әдісі арқылы
VІІ. Бағалау. Бағалау парағына топ басшысы бағалайды
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар ағзадағы және жасушадағы жүретін зат алмасу құбылысы жөнінде толық түсінік алады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Бинго әдісі арқылы.
Митохондрия дегеніміз не? Қандай қызмет атқарады.
Цитоплазма құрамындагы оргонойдтарды атап бер.
3. Лизосома дегеніміз не? Қызметін ата.
4. Рибосома ненің құрамында болады.
5. Гольджи жиынтығы дегеніміз не? Қандай қызмет атқарады.
6. Адам организмінде неше хромосома болады
7. Жасуша оргонойдтарын атап бер.
8. Жасуша орталығын не деп атаймыз?
9. Ген дегеніміз не?
10. Ядроның құрылысын атап бер.
11. Эндоплазмалық тор қандай қызмет атқарады
12. Жасуша қабықшасы немесе мембранасы дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Пластикалық алмасу немесе анаболизм дегеніміз — биологиялық синтез реакцияларының жалпы жиынтығы. Пластикалық алмасуда жасушаға сырттан келіп түсетін заттардан жасушаішілік заттар түзіледі. Пластикалық алмасу реакцияларына мыналар жатады:
қанттар мен полисахаридтердің синтезі;
• крахмал және целлюлозаның түзілуі;
• глицерин мен май қышқылдарынан майдың, органикалық қышқылдардан аминқышқылының, аминқышқылы мен қанттардан нуклеин қышқылдары азоттық негіздерінің синтезделуі.
Пластикалық алмасудың маңызды формаларының бірі — нәруыз биосинтезін қарастырамыз. Жасушада нәруыздар бүкіл тіршілігінде синтезделеді. Нәруыз биосинтезінде басты релді РНҚ және ДНҚ атқарады, оларға ядро мен рибосома қатысады. Жасуша ядросында және хромосомада нәруыз молекуласындағы аминқышылы қосылыстарының орналасу реттілігі туралы ақпарат сақталады. Олар ДНҚ молекуласындағы төрт нуклеотид көмегімен жазылған, олар белгілі бір тәртіп бойынша кезектесіп отырады. Қатар орналасқан үш нуклеотид (триплет) бір аминқышқылын кодтайды, яғни оның нәруыз молекуласындағы орнын анықтайды. Сондықтан әрбір аминқышқылына өздерінің кодтық триплеті немесе кодоны сәйкес келеді.
Нәруыз молекуласындағы аминқышқылдарының орналасу реттілігін анықтайтын ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтер қатарын генетикалық код Генетикалық код деп атайды. қасиеттерімен сипатталады, ол — оның триплеттілігі мен белгілі бір әмбебаптылығы. Яғни, әрбір аминқышқылына үш нуклеотид реттілігі сөйкес келеді және барлық организмде бірдей аминқышқылдарын соларға сәйкес бірдей триплеттер кодтайды.
Энергетикалық алмасу. Энергетикалық алмасу немесе диссимиляция немесе катаболизм дегеніміз — органикалық қосылыстардың (нәруыздар, майлар, көмірсулар) ферментативтік ыдырау реакциялары мен энергияға бай қосылыстардың түзілу реакцияларының жиынтығы. Биосинтез реакциясын энергиямен қамтамасыз ететін әмбебапты қосылыстардың бірі — аденозинтрифосфат қышқылы (АТФ).
ІV. Бекіту.
Венн диаграммасын құру. Органикалық және биологялық тотығу
V. Үйге тапсырма беру. Органикалық заттардың тотығуы. Биологиялық тотығу жəне жану.
VІ. Рефлексия. Чемодан, қоқыс жәшігі және мясорубка әдісі арқылы
VІІ. Бағалау. Бағалау парағына топ басшысы бағалайды