?й хайуанаттары тері кенелерінен де зардап шегеді.?ансигек ауруы еліміздегі мал шаруашылы?ына орасан зиян келтіреді.Ауруды? ?ылыми атауы пироплазмоз.Ауру белгілері:малды? дене температурасы 41-43С ге дейін к?теріліп,тынышсызданады.Ауруды тасмалдаушы жайылым кенені? н?зікбас кене деген т?рі.Жайылымда мекендейтін н?зікбас кенелер мамыр,тамыз айларында ?те к?бейіп кетеді.Б?л кенелер ?орексыз то?ыз ай тіршілік ете алады.
А)Кенелердің түрлерін және олардың құрылысын,тіршілік ортасын,қандай ауру таратынын олардан қорғану жолдарын түсіндіру.
Ә)Ойлану қабілеттін арттыру,ой- өрісін дамыту.
Б) Зиянды жәндіктерден қорғануға,алдын алуға,ауруларды болдырмауға тәрбиелеу.
Сабақ типі:Жаңа сабақты меңгеруге.
Сабақ түрі:СТО технолгиясы.
Сабақ әдісі:Топқа бөліну,интерактивті тақтамен жұмыс жасау.
Сабақ көрнекілігі:Интерактивті тақта, кененің суреттері.
Пәнаралық байланыс:Биология,медицина.
Сабақ барысы:
1)Ұйымдастыру бөлімі.Қызығушылықты ояту.
Жұмбақ арқылы топқа бөлу.
2) Үй тапсырмасын тексеру.Ой қозғау.
1.Өрмектің құрылысы және оның рөлі.
2.Өрмекшітәрізділер қандай жәндіктер.
3.Қарақұрт шаққанда не істеуге болады.
4.Өрмекшітәрізді улы жәндік қайда тіршілік етеді.
5.Өрмекшелердің биогеоценоздағы маңызы.
Топтастыру.
Жаңа сабақ. Әңгеме кестесі. Мәтін таратылып береді
1 топ.
Кенелер өрмекшітәріздестерге жататын ұсақ жәндіктер.Олар топырақта,орман төсемінде,әр түрлі ұяларда,індерде,өсімдіктерде,тұщы суларда,теңіздерде тіршілік етеді.Паразиттік тіршілік ететін кенелердің 20 мыңнан астам бар.Бұлардың тұрқы 0.05-13мм шамасынан аспайды.Кенелердің сан алуан топтары бар:жайылым кенесі,су кенесі,астық кенесі,қамба кенесі,өрмеккене,берішкене,мамықкене,шашкене.Кенелердің дене бөлігі өрмекшілерден өзгеше.Кенелер қарапайым құрылысты.Кенелер дара жынысты жәндәктер,жұмыртқа арқылы,кейбіреуі тірілей туып көбейеді.Жұмыртқадан үш жұп аяғы бар дернәсіл пайда болады.Нимфа (гректің нимфе деген сөзіне негізделеді)—қуыршақ сатысынан өтпей,шала түрленіп дамитын буынаяқтылардың дернәсілі.
Жайылым кенелері.Адам терісінде,жабайы жануарлар мен ауылшаруашылық малдарында паразиттік тіршілік етеді.
2 топ
Тайгалық кене.Адамға ең қауыпты ауру энцефалит (ми ауруы)ауруын жұқтырады.Кене энцефалит әртүрлі жануарлардың денесінде орнығады.Кене энцефалитінің вирусы тасмалдаушы жәндік арқылы таратын қоздырғыш.
Қышыма кене.Адам үшін өте қауыпты жәндік.Оның мөлшері 0.2-0.5 миллиметрден аспайды.Қышыма кене адамның терісіне еніп,денені қышытады.Қышыма кененің әрекетінен денеде қотыр пайда болады.
Қамба кенесі.Кенелер азық-түлік қорын бүлдіріп,ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді.Ол қамба ылғалданғанда өте тез көбейеді.Астық пен ұнды жеп оны сұр затқа айналдырады.
Үй хайуанаттары тері кенелерінен де зардап шегеді.Қансигек ауруы еліміздегі мал шаруашылығына орасан зиян келтіреді.Аурудың ғылыми атауы пироплазмоз.Ауру белгілері:малдың дене температурасы 41-43С ге дейін көтеріліп,тынышсызданады.Ауруды тасмалдаушы жайылым кененің нәзікбас кене деген түрі.Жайылымда мекендейтін нәзікбас кенелер мамыр,тамыз айларында өте көбейіп кетеді.Бұл кенелер қорексыз тоғыз ай тіршілік ете алады.
Берішкенелер.Құрт пішінді,мөлшері 0.1-0.2 миллиметрден аспайды.Өсімдік денесінде беріш түзіледі.
Алма кене.Тұрқы бір миллиметрге жетер жетпес ұсақ жәндік.Бұл ағаштарға зиян келтіреді.Алма кенесі жаз бойы 7-9 рет ұрпақ береді.
Өрмеккене.Мәдени өсімдіктер зиянкестерінің бірі.Мөлшері 0.2-1.0 мм аспайтын кішкене тұтқы аяқтарында өрмек бездері болады.
Жуан және жіңішке сұрақтар.
1.Кенелердің құрылысы және мінез-құлығының ерекшеліктері.
2.Кенелердің түрлері,паразиттік тіршілік ету дағдысы.
3.Тайгалық кене,ауру қоздырғаштары,оның таралуы.
4.Кенелерден сақтану жолдары.
5.Кенелердің адам өмірінде және табиғаттағы рөлі.
Сематикалық карта.Кестеде берілген дұрыс жауабы +,дұрыс емес - белгілеу керек.