Ма?саты: О?ушылар?а экологиялы? білім беру, таби?ат-тіршілік к?зі, адамны? а?ыл ойы таби?атты? ?лы за?ымен ?йлесімді екенін т?сіндіру. Отанымызды? таби?атын, ?орша?ан ортаны ?ор?ау?а, таби?атты? тазалы?ы тікелей адамны? денсаулы?ына ?сері бар екенін жеткізу.
Кіріспе: Жер ?аламшарын, сонда?ы таби?атты са?тауымыз керек. ?йткені сол жерді? топыра?ында ?сіп, суын ішіп, ауасымен тыныстап, таби?атымен біте ?айнасып, адам болып ?алыптасады. Адам ?зіне ?ажеттіні? барлы?ын таби?аттан алады, сонымен ?оса денсаулы?ы таби?ат?а тікелей байланысты.
Просмотр содержимого документа
«Тамаша таби?ат - денсаулы? кепілі »
ТОҚАТАЕВА Н.С.
ШҚО Семей қаласы
«№15 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекеме
биология пәні мұғалімі
Тақырыбы: Тамаша табиғат-денсаулық кепілі.
Мақсаты: Оқушыларға экологиялық білім беру, табиғат-тіршілік көзі, адамның ақыл ойы табиғаттың ұлы заңымен үйлесімді екенін түсіндіру. Отанымыздың табиғатын, қоршаған ортаны қорғауға, табиғаттың тазалығы тікелей адамның денсаулығына әсері бар екенін жеткізу.
Кіріспе: Жер ғаламшарын, сондағы табиғатты сақтауымыз керек. Өйткені сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстап, табиғатымен біте қайнасып, адам болып қалыптасады. Адам өзіне қажеттінің барлығын табиғаттан алады, сонымен қоса денсаулығы табиғатқа тікелей байланысты.
Табиғаттың тарылтпайық,
Мөлдір, кәусар тынысын
Пәк табиғат!
Жүрегімнің тамылжыған жырысың
Ей адамдар!
Қалай ғана қатыгездік жасайсың
Ол анаң ғой
Ал сен оның кенже ұлысың (М Мақатаев)
3.Сөз мерген
І-кезең «Мықты болсаң тауып көр»
1-сұрақ
Тағам
Ас Тоқ
Сорпа
Тағам (Ас қадірін тоқ білмейді)
2-сұрақ
Қант
Ет Бетке
Тұздық
Нан (Ет етке, сорпа бетке)
3-сұрақ
Өзен
Бұлақ Көз
Көл
Мұхит (Бұлақ көрсең көзін аш)
4-сұрақ
Емен
Қайың Мықты
Үйеңкі
Ағаш (Ағаш тамырымен, адам досымен мықты)
5-сұрақ
Су
Топырақ Өмір
Гүл
Жапырақ (Су біткен жерде өмір де бітеді)
6-сұрақ
Ата
Адам Шүберек
Қыз
Ұл (Адам көркі шүберек)
7-сұрақ
Бас
Тіс Көңіл
Көз
Мұрын (Тісі ауырғанның көңілін сұрамайды)
8-сұрақ
Тас
Тау Бұлақ
Жота
Қырат (Таудың көркі бұлақ)
9-сұрақ
Адам
Ата Күлкі
Бала
Ұл (Ауру адам күлкі сүймес)
10-сұрақ
Жапырақ
Гүл Жер
Сабақ
Бүршік (Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі)
II-кезең «Жүйрік болсаң шауып көр»
1-сұрақ
Торсылдақ
Өңеш Сүйекті балық
Қарын
Ішек Жауабы: торсылдақ
2-сұрақ
Құрт
Бақа Ихтиология
Балық
Құс Жауабы: Балықты зерттейтін ғылым
3-сұрақ
Желбезек
Өкпе, тері Бақа
Демтүтік
Өкпе Жауабы: Нашар жетілген өкпесі және терісі арқылы тыныс алады
4-сұрақ
Балықтар
Қосмекенділер Жылықандылар
Жорғалаушылар
Сүтқоректілер Жауабы: Сүтқоректілердің дене температурасы тұрақты
5-сұрақ
4000
20000 Балық
2000
3000 Жауабы: Балықтардың 20 мыңнан астам түрі бар
6-сұрақ
Көлбақа
Құрбақа Құйрықты қосмекенді
Тритон
Құртпошым Жауабы: Тритон
4. Жанкүйерлер сайысы(тыйым сөздер айту)
5. «Ойлан тап» (екі топ берілген әріптерден сөз құрастырады)
Т,К,И,Д,Е,З,Ш,Б,Ж,А,Л,М,Р
6.Қорытынды: Көптеген ақын жазушыларымыз табиғат жайлы, табиғатта болып жатқан құбылыстар туралы, табиғаттың денсаулыққа әсері жайлы жырлаған.
1-оқушы
Уланып жатқан ару аймақ Семейің
Тартылып жатқан Аралың!
Ауру ана, кемтар бала
Жан жарасы халқымның
2-оқушы
Тоқтатыңдар жарылыс өртін
Ойлаңыздар жер менен халық дертін.
Тартылмасын көк айдынды өзен, көл
Жауламасын кең даланы тақыр шөл.
3-оқушы
Көбейтіңдер жасыл алқап орманды,
Табиғатқа пана болар қорғанды
Табиғаттың ала бермей байлығын
Бергін оған бар нарыңды,
Күте білгін Жер –Ананы!
4-оқушы
Табиғаттың бар байлығы даламда
Жер-Ананың жаттығы жоқ адамға.
Тамақ та, киім де, денсулық та
Бәрі, бәрі табиғаттың қолында.
«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ»- дей келе бүгінгі сайысымыз аяқтаймыз.